Жұмыстан келгенімде жолдасым үйде екен. Менен сәл ертерек келіпті. Әдеттегідей сабырлы,жымиып тұр."Саған айтарым бар "деді. " Айта бер,құлағым сенде "дедім мен де күлімдеп. "Мен олай-,бұлай болып кетсем, Алматыға жерлерсің..Елге апарам деп әлектенбе,саған қиын болады."деді.Қапелімде бұндай әңгіме күтпеген мен абдырадым да қалдым.Түрім бұзылып кетсе керек,сол жымиған қалпында арқамнан қағып,"Ойнап айтам.Әзілім ғой"деді ..Жүрегіме ине шаншып алғандай күй кештім.Әзілдеп айтса да көңілімде қалып қойды. .Одан кейін бір Алланың белгісіндей (Оның өмірден кететініне көрінген болар)түсімде ылғи жолдасым екеумізді көрем.Үйленіп жатамыз.Менің үстімде соңғы сәндегі әдемі қалыңдық көйлегі ,оның үстінде су жаңа қара костюм.Қолымызда жарқыраған неке жүзігі.Енді көпшілік күтіп отырған салтанат сарайына кіре бергенімізде "Қазір келем.Күте тұр." дейді де жоғалып кетеді.Мен ол кеткен жаққа көз алмай қарап алаңдаймын.Келер деген үмітпен күтіп тұрам..Осы түстен талай рет шошып ояндым. (Оны өлі