Найти тему
Мурат Сайрамбеков

Игі тілек.

Жақсы тілек тілейіік ақ таңдарда,

Ақ батасыз адамға бақ қонған ба?

Жақсы сөз ізгіліктің бастауы ғой,

Шашу ғып Алла өзі шашқан жолға!

Атқан күн жақсылыққа толы болғай,

Əр адамның бүгінгі жолы болғай!

Бақ қонып, ырыс дарып шаңыраққа,

Бастаған əрбір істің "оңы" болғай!