Алматы қаласының тұрғыны Антон Жуков туралы оның достары мен көршілері «оның тегі өзіне жарасымды» дейді, өйткені Антон барып тұрған «жук» (қоңыз)! Мұндай беделге Антонның бұрыннан ұялы байланыс, сондай-ақ коммуналдық қызметтер мен банк картасына қызмет көрсету үшін төлемейтіні, бірақ оларды пайдалануды жалғастыратыны себеп болды. Осының бәрі оның бонустық бағдарламаға қатысуының арқасында жүзеге асады. «Шын мәнінде, қазір бонустар ешкімді таң қалдырмайды», — дейді Антон, — «мысалы менің таныстарымның көбісі банк оларға қашан және қандай бонустар жүктегенін тексермейді де. Ал ол бекер. Мен бірнеше бонустық бағдарламаларды байқап көрдім және бір тоқтамға келдім. Басты себебі, тек бір банкте 100 % бонустарды қолма-қол ақшасыз төлемдер үшін пайдалануға болады». «Қаржы данышпаны» атағын Антон Еуразиялық банкте Mastercard Gold картасын ашқаннан кейін алды. Оның айтуынша, бұл жерде ерекше ештеңе жоқ, алайда халық әлі де қаржылық тұрғыдан жеткілікті хабардар емес, сондықтан банктерден қорқады