Қайтейін жара бетін тырнағаның
Бұл жалғанға "жұп" болып сыймаған соң
Тағыда шарасыздың күйі түсіп,
Басыма бақыт құсын қимағанын.
Лүпіл қаққан жүректің дірілінде,
"Неге солай?" сұрағы мазалайды.
Адалдығым үшінбе сеніміме,
Алла мені осынша жазалайды?
Бақытымның тиегін баппен басар,
Бұл жалғанда бұйырмас жұптасуда.
Екі жарты бір бүтін болмайтұғын,
Көнейікші өмірде нық басуға.
Жаралады қайта кеп жарақатты,
Көзім емес жүрегім жылаптұрды.
Аясаңшы ей алла жаратушы,
Босағаңда бұл пендең құлап кірді!
Келер күнде үміт жоқ бұл тақырып.
Өз өзімді алдадым мен қатырып.
Белгіліғой тағыда ажырасу,
Біле тұра ойлаумен таңд(ы) атырдым.
Тоқтатуым керек ед сәл ертерек,
Отбасылы жағдайын естігенсоң.
Шіркін тәтті үмітпен еске алып,
Ерігендей болып ед көңілде мұң.
Қателікті жасадым тағыда мен,
Мені тастап кетерсің тағы да сен.
Қуыршағына айналтпаш жалған дүние,
Маған неге тарылды, басқаға кең?
Қош бол қимас махаббат көңілдегі,
Көруденде қашармын енді сені.
Қоштасудың сәті осы туындаған,
Екі бөлек ғұмырғой сөздің жөні.