Биыл да көпшіліктің сұранысы бойынша Bilim-all.kz ақпараттық-танымдық порталында сайыс өткелі жатыр. Бұл жолы кішігірім ерекшеліктері бар, барлығы төменде толығырақ жазылған. 2019 жылдың 30 тамызы мен 2020 жылдың 25 қаңтары аралығында өтетін эссе және өлең-жыр байқауына шығармалар қабылдаймыз. Мақсаты: Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өлең-сөздің құдыреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Сайысқа қатысушылардың эссе және өлең-жырлары үстіміздегі жылдың 25 қаңтарына дейін қабылданады. Қабылданған шығармалар 1 айдың (25 қаңтар - 25 ақпан) көлемінде іріктеуден өтіп, жеңімпаздар анықталып, 2020 жылдың 26 ақпан күні сайтымызда жарияланады. Негізгі жүлделер: Өлең-жыр І орын – біреу – смартфон + диплом.
ІІ орын – екеу – PowerBank + диплом.
ІІІ орын – үшеу – PowerBank + диплом. Эссе І орын – біреу – смартфон + диплом.
ІІ орын – екеу – PowerBank + диплом.
ІІІ орын – үшеу – PowerBank + диплом. Сонымен қатар Bilimland.