Айтшы досым жалғыздықтың жауы не,
Бұл өмірдің меннен даулар дауы не?!
Ішім күйіп,сыртым жылтыр болғасын,
Денсаулықтың ауруы не сауы не.?!
Бұрамын деп сүймеске сезім арайын,
Қалай құртам сүйген жүрек сарайын.
Неге сонша ауырлап кеткен бұл сезім,
Өртке орап жолатпайды маңайын?!
Неге деген мазалайды сан сұрақ.
Қашан бітер басқа салған сан сынақ?
Сүйе қалсам бір жанды мен шынайы
Алдымда мәңгі қамал болып шың тұрат..
Еткенім жоқ тірі жанға қиянат
Сезімі құрғыр қашаңғы ішке сия алат?!
Қашан менің жүрекпен сүйген аяулым
Сүйемін деп менімен мәңгі тұралат.?!
Жылап жатыр ішімде жүрек жұтып қан
Жан болмады-ау ұғатын мені жанға тән.
Алдамадым арбамадым ешкімді
Сонда да білмейм,махаббатта жоқ еш мән.