Бүгін Қазақстанда Отбасы күні. Сіздерді және жақындарыңызды құттықтаймыз. Дәл осы күні Eurasian Bank пен Еуразиялық группаның (ERG) 25 жылдығына арналған арнайы «Бақытты отбасы» жобасын іске асыруды жөн көрдік. Ерлі-зайыптылардың бірі ERG өндірісінде, ал екіншісі банкте жұмыс істейтін отбасыларды таптық. Айына бір рет олардың хикаяларымен бөлісеміз.
Максим мен Светлана Давыдовтар 2006 жылы Металлург күні танысқан еді. Сол уақытта олар отбасы деп атауға болатын компанияларда жұмыс істейтіндерін білген жоқ. Светлана 9 сыныпта, ал Максим 11 сыныпта оқып жүрді. 5 жыл уақыт өткеннен кейін Максим Светланаға тұрмысқа шығу жайлы ұсыныс жасады. Олар 8 жыл тату-тәтті өмір сүріп келе жатыр.
Күйеуі АқсФЗ (Ақсу ферроқорытпа зауыты) балқытушы болып, ал жұбайы Eurasian Bank-те аға қаржы кеңесшісі болып қызмет етеді. Светлананың айтуынша, Максимнің әріптестері оның қай жерде жұмыс істейтінін білгендіктен, несие, депозит және банктің басқа да өнімдері жайлы ақпаратты жиі сұрайды. Сондықтан Светлана жолдасын банктің құпия қызметкері деп айтып жүреді.
Ерлі-зайыптылардың Данила мен Таисия есімді ұл-қыздары ер жетіп келеді. Максим мен Светлана балаларына белсенді өмір сүруді үйретеді. Демалыс күндері үйде отырмай, балалармен бірге табиғат аясында демалып немесе басқа қалаға серуендеп келеді.
Бір-біріне деген сенімділікті отбасылық өмірдегі басты қағида деп ойлайды. Светлана өзіңе ұнамаған зат немесе жағдай жайлы сөйлесу керектігін айтады. Ал Максим болса, тыңдап қана қоймай, сонымен қатар кей кездері жарыңның сөзіне жол беру керек екенін айтады. Махаббат олар үшін әрдайым бір-бірінің жанында болу.
Максим мен Светлана өздерінің жеке меншік үйлері болғанын армандайды. Достарымен бірге аулада жиналып, кәуап пісіріп, гитарада ойнап және ән айтып отырғанды қалайды. Ал жас буынға ерлі-зайыптылар бір-бірін бағалауға кеңес береді.
***
Сегодня в Казахстане празднуется День семьи. Поздравляем вас и ваших родных! Именно в сегодняшний день мы решили запустить спецпроект «Счастливая семья», который приурочен к 25-летию Eurasian Bank и Евразийской Группы (ERG). Мы нашли семьи, где один из супругов работает на предприятии ERG, а второй — в банке, и раз в месяц будем делиться с вами их историями.
Максим и Светлана Давыдовы познакомились на праздновании Дня металлурга в 2006 году. Тогда они ещё не знали, что будут работать в компаниях, которые тоже можно назвать семьёй. Светлана училась в 9 классе, а Максим — в 11. После 5 лет отношений Максим сделал Светлане предложение, и вот уже 8 лет они живут в счастливом браке.
Муж работает плавильщиком на АксЗФ (Аксуский завод ферросплавов), а жена — старшим финансовым консультантом в Eurasian Bank. Светлана рассказывает, что все коллеги Максима знают, где она работает, и часто спрашивают про кредиты, депозиты и прочие банковские продукты. Поэтому Светлана шутя называет мужа тайным сотрудником банка.
У супругов растут двое детей — сын Данила и дочь Таисия. Максим и Светлана прививают им активный образ жизни. В выходные они не сидят дома: берут детей, садятся в машину и едут отдыхать на природу или в другие города.
Главным в семейной жизни супруги считают доверие друг к другу. Светлана отмечает, что обязательно нужно разговаривать, обсуждать, если что-то не нравится, а Максим добавляет, что также важно слушать и уступать. Любовь для них — дышать друг другом и быть всегда рядом.
Говоря о будущем, Максим и Светлана мечтают о своём частном доме с беседкой, чтобы собираться там с друзьями, жарить шашлыки, играть на гитаре и петь песни. А молодым семьям супруги советуют в первую очередь ценить друг друга.
Eurasian Bank x ERG. Cпецпроект «Счастливая семья». Максим и Светлана Давыдовы
8 сентября 20198 сен 2019
75
2 мин