"Ит болдырса үреді, адам болдырса күледі" дегендей, үкіметтің саясатынан əбден мезі болып, өз- өзіміздің еңсемізді əзіл, күлкімен көтеретін жағдайға жеткендейміз. Рас, қазір күлетін жағдайда емеспіз. Тапқан айлығы шайлығынан аспайтын халық, жұмыссыздық , бағаның шарықтауы, қоғамдағы келеңсіз мəселелер халықты қажытып жіберді. "Айта- айта Алтайды, Жамал апам қартайды"- демекші, саясатты айтудан да, жазудан да шаршадық. Саясатқа араласып бет жыртысып, бір постта біреудің шабына тиіп кетіп, менің атымнан жалған пост қойып,сотқа да сүйреген кез болды. Сонда судьяның айтқан сөзі бар еді: "Саясатқа араласып қайтесіз, осындай мощенниктер саясатта толып жүргенде, онымен күресу мүмкін емес"- деген еді. Сөзінің жаны бар Біз айтты екен деп, үкімет саясатынан ауытқымайды, өз дегендерін істейді. Жұмыстан шаршап, түнгі сменнен көз ілмей келіп , фейсбук бетін ашсаң, саясат мəселесі, əділетсіз үкіметтің соқыр саясатын көріп күрсінесің, онсыз да жұмыстан шаршап келгенде жүйкеңе кері əсер етеді. Сондықтан арасында еңсені көтеру үшін əзіл посттар қоюды жөн көрдім. Оны да кейбіреулер дұрыс түсінбей дөрекі пікірлер жазып жатады. Адам болған соң əркім əрқалай түсінеді. Əзіл екенін аяғында қойылған жақшадан түсініп, əзілді дұрыс қабылдауларыңызды өтінемін.