Найти тему
Мурат Сайрамбеков

Қытай қаптап.

Қытай қаптап тынысымды қысардай,

Қалың ойдан отырғаным шыға алмай.

Солар менің отауымды ойрандап,

Ошағымның күлін көкке шашардай.

Таңданамын сақтанбаған билікке,

Жемқорлықтан қалған аяқ баса алмай.

Жұтатындай айдаһардай қанды аран,

Қалың жұртым ертеңді ойлап күнде алаң.

Кім қорғайды қауып қатер үрейден,

Тап болмасын елге зауал-зобалаң.

Төрдегілер байлық қуып жүргенде,

Айрылмасақ болар еді панадан.

Ақылсыздай ойлаған тек іш тоғын,

Ақылменен баға алмаған іс соңын.

Сор болды ғой әділетсіз билігім

Кеуделері асқынғаннан кіл қоқым.

Адасқаннан отқа тынбай жүгіріп.

Елемеген ұрпағының бар жоғын.

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар бар адам,

Қытай тілін үйреніңдер жаңадан,

Күнін кешіп біз лақтырған сүйеке,

Жалған нұрға алаң болып алданған.

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар бар адам!

Мәз болумен байлықпенен өскендей,

Әлеуметтік әділдікті ескермей,

Есі кетіп безінгендей иманнан,

Бақ тапқандай әділетсіз қоғамнан.

Ескерместен халық үнін қарғаған,

Қара басын барын салып қорғаған,

Естіледі ұран дауыс ордадан.

Кімді көрдің ана тілі тұрғанда,

Өзге елге бетін бұрып қамданған?!

Қарамаған көз жасына халқының,

Шошынамын төрге қонған қарғадан!

Төрге өтсе тексіз жандар тәртіпсіз,

Мұң кешерсіз сұмдықтарын көріп сіз.

Алыса біл,жұлыса біл ел үшін,

Бақыт барма Отаныңсыз, ерліксіз.