Қытай экспанциясынан құтылудың бір жолы бар. Ол-мына сатқын, 30 жылда өндіріс орындарын салу, ел басқару қолдарынан келмеген биліктен құтылу. Елімізге 55 зауытпен қоса, сол жерде жұмыс істеуге қаншама қытай келетінін елестетіп көрейік. Оларға отбасы мүшелерін қосайық, туған -туыстары тағы да бар. Олар немен айналысады? Бизнес ашады. Яғни, қазіргі кезде тауарларының бағасын көтеріп, халықты сорып, "жағдайымыз жақсы"-деп үнсіз отырған бизнесмендер айдалада қалады. Қазақтың қыздарына үйленіп, еліміздің азаматтығын алып, құқық қорғау органдарына, мемлекеттік қызметтерге ұмтылады. Қазіргі кезде бір айлық жалақы үшін биліктің сойылын соғып жүргендер сандарын соғып қалады. Шетелдерге көшуге шамалары жеткендер көшіп-ақ кетер. Бірақ, барлығының шамасы оған жетеді ме?