Найти тему
Мурат Сайрамбеков

Ана туралы ән.

Аналарды жұмақ дейміз , күн дейміз,

Құрғақ сөзге құмармыз-ау ылғи біз.

Ыстық асын ішіп алып ананың,

Айтқан сөзін құлаққа да ілмейміз.

Түнде жортсаң, өзің үшін алаңдап,

Кірпік ілмей жататынын білмейміз.

"Жақсы көрем, жаным апа " дегенді,

Неге осы, жиі айтып жүрмейміз.?!

Дəмін алғаш , келтірген жан ауыздың..

Тұнығына шомылдырып қауыздың.

Сөйткен жанды...

Қуантуың үшін де,

Керегі не..

Сегізінші наурыздың.?!

Орандырып өміріңді желекке,

Өз қажетін...өз керегін елеп пе.?

Сөйткен жанға..

Сыйлау үшін орамал,

Туған күнін күтіп жүру керек пе.?!

Қуанады.

Жүрсең оған еркелеп,

Үлгере алсаң..

Аз өмірін ертегі ет.!

"Жаным апа" деп айтуың үшін де,

Əр мейрамды күтіп жүру , не керек.?!

Аналарды көктем дейміз, гүл дейміз..

Құрғақ сөзге құмармыз - ау, ылғи біз..

Пейіл бөлмей, өмір берген адамға,

Дүниенің қыр соңында жылжимыз.

"Хош, апатай" деп айтуға бір күні

Үлгере алмай қаларыңды..білмейміз..

С подпиской рекламы не будет

Подключите Дзен Про за 159 ₽ в месяц