ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 29 киелі жердің туристік картасы жасалды. Қасиетті нысандардың 19-ы жергілікті маңызға ие. Солардың бірі – Ахмет Байтұрсыновтың кіндік қаны тамған, балалық шағы өткен үй. Алдағы уақытта аталмыш нысан жергілікті тұрғындардың бастамасымен қайта жаңғыртылуы мүмкін. Ұлттың ұлы ұстазы атанған Ахаңның кіндік қаны тамған осы үйдің бүгінгі жайы қандай? Осы жайында ҚазАқпарат тілшісі арнайы материал дайындаған еді. Ахаң туған үй - қазіргі Ақкөл мен Байтұрсын (Южный) ауылдарының арасында. Шамамен 1850 жылдары салынған баспананың кейіннен іргетасы қалып, бізге жеткен болатын. Ахмет Байтұрсынов ақталғаннан кейін, 1990 жылы туған үйіне тас белгі қойылды. 1996 жылы «Ақжол» экспедициясы құрылып, ұлт ұстазының туған жерінде өткізілетін шаралар жоспары жасалды. Экспедицияны Ахметтің түп бабасы – Үмбетей батыр ұрпақтарының бірі Ибрагим Ағытайұлы басқарды. «Ақталғанда Ахаңның аруағы тұтас елдің рухын аспанға көтерді. Ол кезде ауылда Ахметтің
Ахмет Байтұрсыновтың кіндік қаны тамған үйді қастерлеу - парыз
5 сентября 20195 сен 2019
21
3 мин