15 қыркүйекте түнгі сағат 22.30 шамасында Шамалған станциясында ондаған азамат пойыз жолын жауып, биліктен көпір салуды талап етті. Осыдан үш сағат бұрын мұнда пойыз бен автобус соқтығысып, бір адам қаза тапқан.
Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, тұрғындар "үнемі осындай жол апаттары болып жатыр, көпір салыңдар!" деп ашуланып, "көпір! көпір!" деп айқайлады.