Екі сиыр екі бақыт көктегі,
Елбасының ақылының жеткені.
Өзі кедей еткен қазақ баласын,
Сиырларға тапсырғаны не еткені.
Екі сиыр біздерге енді пана болып жақтаушы
Бірі тамақ, екіншісі болашаққа бастаушы.
Бұрын бұны неге ертерек айтпады екен патшамыз,
Басқа емес сиыр екен, бізді асырап сақтаушы.
Бір сиырдың сүтін ішіп аламыз,
Қалған сүтті алып базар барамыз.
Көршіміз де дəл осылай істейді,
Сатып қайтем, айырбасқа саламыз.
Міне осылай майын ішіп сауданың,
Ауыл түгіл гүлденеді ауданың.
Патшалардың қажеті не біздерге,
Екі сиыр сəтте шешті ел қамын.