Найти тему
Мурат Сайрамбеков

Туған күн құтты болсын.

Құттықтау..

🌸🎍🌺💐🌷🌹

Жылда осы он бесінші қыркуйекте,

Күлімсіреп кун көрінсе көкжиекте..

Екі бірдей туған күнді тойлаймыз да,

Көтеріліп қаламыз бір биікке..

🌷💐🌷🌹🌹🌷💐

Келінім келген күні дуниеге,

Айналған қадірменді, киеліге..

Келіннен артық адам бар ма,сірә,

Ұл мен қызын ол құсап сүйеді ме?

🌹🌷🌹💐🌷🌹

Жан ана-жан шуағым, сая бағым,

Шуақты мейіріміңе саяладым,

Ағаң болып жүргенімді ұмыттырып

"Аман бол, ағатай"-деп аяладың..

🌹🌷💐🌷🌹🌷💐

Қасиет апай ақылшымыз, тілекшіміз,

Жүрегімнің ішінде жүрекшеміз..

Төрт мушелді толтырған келінімді,

Құттықтаймыз, силаймыз ерекше біз..

🌹🌷🌹💐🌷🌷💐🌹

Жасарып, жарқырай бер,жур алдымда-ай

Өмірдің сынағына сыр алдырмай,

Жаратқан жақсылықпен күн кештіріп,

Силасын несібесін құр қалдырмай..

🌹🌷💐💐🌷🌹🌹🌷

Бұл күні туған тағы Таңшолпаным,

Жүрегімнің жартысы жан шолпаным,

Аяулы ақ қызыма жетер ме екен,

Жалғанның жинағанда бар шолпанын..

🌹🎍🌷💐🌷🌹🌺🌹

Жүрсең де кәзір өзің Ана болып,

Мәңгі маған қаласың ару болып..

Арманым жоқ, алладан сұрарым жоқ,

Жанұяңа жүрсең егер пана болып..

🌹🌷💐💐🌷🌹🌷💐

Жаңа жасқа жасадыңдар қадам бүгін,

Құдайым көрсетпегей жамандығын..

бесеуіңді бір жырға қосып жазып,

Бір тіледім бесеуіңе амандығын..

🌺🌹🌷🌹🌺🌹

Бір тілекті жалғастырып бір тілекке,

Орта толсын он бесінші қыркуйекте..

Аспанымда ай тұрсын сәуле шашып,

Күлімсіреп күн тұрсын көкжиекте..

🌷💐🌷🌹🌺🌸🌸🌺