ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРҒА.... Әр президент әр жылдары өз саясатын жүргізетінін ескерсек, Қытайдың ертеңгі саясатының бір жылдары тағы өзгермесіне ешкім кепіл бола алмайды. Қазірдің өзінде Қытай оқушылары 10500 таралымы бар «Шыңжанның жергілікті тарихы» атты мектеп оқулығын шығарған. Әлі күнге дейін осы оқулықта қазіргі Шығыс Қазақстанның барлық жері, Семей аймағы, Балқашқа дейінгі алқап, Шу өзені мен Талас өңірі түгел Қытай жері деп оқытылып жатыр екен. Одан дәріс алып жатырған миллиондаған қытай оқушылары аталмыш аймақты біздің жеріміз дейтін көрінеді. Бір күндері сол ұрпақ мәселені қайта көтеріп, картадағы осы сызбасы негізінде Қазақстаннан тағы да жер сұрауы әбден мүмкін. Мұндай қауіптің барын айтып, бұған мемлекеттік деңгейде араласып, оқулықтың қате екенін оларға түсіндіре білгеніміз жөн. Жер мәселесінде көрген ұтылысымыз да аз емес. Сонау 1730 жылдардан бастап, бізге жүргізілген сырттан қоныстандыру саясаты лоббизмнің арқасында жүргізіліп келді. Жерімізге сыналап кіріп, жерсінген келімсе