Латын әріптерімен қазақша жазудың ыңғайлы жобасы V9
Табылды Қайыпов, т.ғ.к., программалаушы, tabyldy.k@mail.ru
Автор Google-аудармашы программасының орыс, түрік және ағылшын тілдерінен қазақ тіліне аударатын бөлігінің құрастырушысы. Көлемі 1,5 миллионнан астам сөздер қорын жинған. Осы тілдердегі емлелердің барлық заңдылықтарын зерттеп, компьютерлік программасына айналдырған. Жақында қазақ тілінің барлық заңдылықтарына қайшы келетін сөздерді қазақшаға икемдеп латыншаға дұрыс аударатын программа жасап шықты.
1 A a а 17 Ŋ ŋ ң
2 Â â ә 18 O o о
3 B b б 19 Ô ô ө
4 C c к 20 P p п
5 D d д 21 Q q ғ
6 E e е 22 R r р
7 F f ф 23 S s с
8 G g г 24 Ŝ ŝ ш
9 H h һ 25 T t т
10 І і ы 26 U u ұ
11 Î î і 27 Û û ү
12 J j ж 28 V v в
13 K k қ 29 W w у
14 L l л 30 X x х
15 M m м 31 Y y й
16 N n н 32 Z z з
Кейбір дыбыстардың таңбалары неліктен көрсетіліп отырған түрде алынғаны туралы түсінік берейін.
1. Латын әріптерінің оқылуы европа елдерінің сөздеріндегі дыбыстарға барынша ұқсас;
2. Барлық әріптер дүние жүзі қолданып жүрген әріптер мен таңбалар кестесінде бар әріптер;
3. Латын жазуы математика таңбаларын жазатын жазу. Сондықтан латын әріпінің үстіне қойылатын таңба ретінде туынды ұғымына қарсы келмеуі үшін нүктені, ал вектор ұғымына қарсы келмеуі үшін түзу сызықты, доға ұғымына қарсы келмеуі үшін ойыс қисықты қолдануға болмайды. Жобада әріп төбесіне дөңес сызықша - карет таңбасы қойылды;
4. Фейсбуктағы Қанат Мырзаның ұсынысымен дауысты «ы» дыбысы «і», «і» дыбысы «î», ал дауыссыз «й» дыбысы «y» таңбасымен, дауысты «ұ» дыбысы «u», ал дауыссыз «у» дыбысы «w» таңбасымен белгіленді;
5 «Ŝ», «ŝ» таңбалары «ш» дыбысын алмастырды;
6. 30-шы жылдардағы қазақ жазуында «ŋ» таңбасы «ң» дыбысын алмастырған;
7. Көп жағдайларда «C», «c» әріптері «к» болып оқылады, демек «қ» дыбысын «K», «k» арқылы белгілеуге мүмкіндік туады. Сөйтсек қазақ елінің брендіне айналған kz, kaz сөздерін сол мағнасында сақтауға мүмкіндік туады;
8. Фейсбуктағы Аманғали Әбуов мырзаның ұсынысымен «Q», «q» арқылы «ғ», «H», «h» арқылы «һ», «Х», «х» арқылы «х» таңбаланды;
9. «f» таңбасы «ф» дыбысын, ал «v» - «в» дыбысын береді. Олар басқа тілден енген сөздерде және аты жөнімізді жазу үшін қолданылып жүр, әйтсе де ол сөздер өз тіліміздің барлық заңдылығына сәйкес икемделуі керек, мысалы: Пәридә, Бәтимә, Балтабайып, Қайыпып, Омарыба, Ыйбанып, Петроба, т.с.;
10. «И», «я», «ю» әріптері жобаға кірмеді. Бұл жобаны енгізу барысында соңғы 50 жылда жасалған қазақ емлесіне қайшы келіп жүрген қателіктер түзетілуі тиіс. Мысалы «сою» сөзі оның түбірінен таратылып «сой» + «ыу» = «сойыу» болып өзгертіліп «soyіw» болып аударылуы керек. Сол сияқты «суса», «сиыр», «мая», «ою» сөздері сәйкесінше «suwsa», «sіyіr», «maya», «oyіw» болып аударылуы керек.
11. Тілімізге жат дыбыстарды білдіретін әріптер («ц», «щ», «ъ», «э», «ч», «ь») қатысқан басқа тілден келген терминдер өз тіліміздің барлық заңдылығына сәйкес икемделіп алынып аударылуы керек.
Сөйтіп қазақтың барлық дыбыстары өз таңбаларын, ал латынның барлық әріптері қолданыс табады.
Қазақ әліпбиін ұтымды, озық түрде жасасақ, бұл біздің латын әріптеріне көшуде кешігіңкірегеніміздің есесін қайтаратын, еңсемізді көтеретін, жазуларын әлі ауыстырмаған туысқандарға үлгі болуға жарайтын тамаша іс болар еді.
Қолданылған әдебиет
1. Уатай Ж. О звуковом строе и гармонии гласных в казахском языке. Сб. науч. трудов Акмолинского инженерно-строительного института. Акмола, с.430-438.
2. Уатай Ж., Каюпов Т. Проект казахского алфавита, удобного для использования в компьютере. Ана тілі. 1995, № 48.
3. Уатай Ж. Казахский алфавит на основе латинского. -Свидетельство Агентства Интеллектуальной собственности № 295 от 09.06.1995
4. Уатай Ж. Латын әрiптерiне негiзделген қазақ әлiпбиiнiң жобасы. - Қазақ тiлi мен әдебиети, 1996, №3, 107-110.
5. Уатай Ж. Проект казахского алфавита, основанный на латинской графике. Казахский язык и литература. 1996, №3, с. 107-110.
6. Уатай Ж. Пути построения казахского алфавита. Казахский язык и литература. 1999, №1, с. 3-7.
7. Каюпов Т.К., Морзабаев А.К., Уатай Ж. О преимуществах перевода казахского письма на латинский алфавит. Региональная научно-методическая конференцция. «Университет - образовательный, научный и культурный центр». Астана, 1999.
8. Уатай Ж. Қазақ әлипбиін құру жолдары. - Қазақ тiлi мен әдебиеті, 1999, №1
9. Уатай Ж., Каюпов Т. - Мемелекеттiк тiл мәселелерi. Жазу мен емле – Үкiмет жаршысы, 2000, № 8
10. Уатай Ж., Каюпов Т. – А с латиницей казахский изучить проще! – Инфо-Цес – 2000- № 27.