Біздің саясаткерлерге сабақ боларлық бір оқиға еске түсіп отыр. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Солтүстік Вьетнам мен Оңтүстік Вьетнам арасында бірнеше жыл бойы қырғын соғыс болды. Оңтүстік Вьетнамға АҚШ көмектесті. Солтүстік Вьетнам социалистік қоғам құрып жатқан. Компартия көсемі Хо Ши Мин көмек сұрап Москва мен Пекинге барып келіп, министрлері мен әскер басыларын жинап кеңес өткізеді. Ол Кеңес Одағының қаржы мен қару беретінін, бірақ жаяу әскер бере алмайтынын, ал Қытай болса қаруға қоса бір миллион солдат беруге дайын екенін айтып, қайсысының көмегін алайық деп сауал тастайды. Сонда олар «іргедегі әрі қару, әрі әскер береміз деп отырған Қытай көмегін алайық» деседі. Хо Шин Мин оларды тыңдап болып: «Ертең соғыс біткен соң, Кеңес Одағы берген барлық қару-жарақтар өзімізде қалады, сосын мыңдаған әскери кеңесшілері еліне қайтады, ал Қытайдың бір миллион солдатына тағы да бір миллион қызмет көрсететін адамдары қоса келеді. Оның бәрін ертең елден шығара алмаймыз осында қалып қояды. Сондықтан Кеңес көмегін алғанымыз дұрыс, адам шығынымыз көп болады, бірақ Отанымызды, мемлекетіміздің тұтастығын сақтап қаламыз», — деп шешім шығарады.
Біздің билік осындай патриоттық позиция неге ұстанбайды екен деп қынжыласың! Кеңес Одағының көмегімен Вьетнам жеңіске жетті, Америка ықпалындағы Оңтүстік Вьетнамның астанасы Сайгонды азат етіп, қос Вьетнам қосылып, біртұтас тәуелсіз мемлекет болды. Экономикасы көршілерінің көмегісіз-ақ қарыштап дамып келеді.
Қанша қиындық көрсе де, вьетнам халқы қытайды өз еліне маңайлатқан жоқ... (с)