Тараз шаһарының батыс түстігінде Ұлы Жүздің ішінде "Байтабын" руында жылқының 600 үйірін ұстаған ірі дəулетті бай азаматтың жылқысын баққан, шабандоз жігіт болған екен. Бұл жігіт байдың жақын туысы, əрі шаруа басшысы болыпты. Бірақ жұбайы қанша рет ұл, тарақ туса да тұрмайды. Алтыншы рет туып аяғы ауырлағанда Айша Бибіге зиярат жасап, қыз босанады. "Ұл- қыз тоқтамады ғой" - деп қызының атын азан шақырып "Тоқтай" - деп қояды. Тоқтайдың əкесі қызын бес жасынан атқа отырғызып, ерлерше өсіреді. Он үш жасынан ер жігіттерге ілесіп көкпарға барып, он бесте "шабандоз" атанады. Тоқтай қыз он сегізге толғанда еліне жоңғарлар шауып, мал - жанды қырып, сол соғыста анасын да өлтіріп, əкесін: " жол көрсетесің" деп, тұтқындап жау алып кетеді. Бұл кезде Тоқтай Қырғыз елінде құрбы- құрдастарымен шілдехана тойында болады. Тоқтай қыз қалмақтарға қатты өшігеді. Ерлерше киініп, үстіне сауыт- саймандар мен қару - жарақ істетеді. Жанына ержүрек мықты жігіттерді жинайды. Тоқтай батыр атанып, бес