Найти тему
Мурат Сайрамбеков

Аузы қисық болсада

Аузы қисық болсада-
Әлі есімде осыдан 20 жылдай бұрын, әкемнен сұраған едім: сіздердің буын 1990 жылдары назарбаев билікке келген кезде 50 жастан асқан екен. Сонда сіздердің буынның жіберген қатесі салдарынан, қазіргі буындар зардабын қатты тартуда деп айтқанымда, әкем терең күрсінген еді...

Ең алғашқы сол кездегі билікті ұстаған буын, ҚР 1993 жылғы КОНСТИТУЦИЯСЫН өзгертуге жол бергендігі ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ қасірет әкелді. Сол 1993 жылғы Конституцияда БИЛІК-ХАЛЫҚТІКІ және ПАРЛАМЕНТТІК басқару жүйесі екені, анық жазылған еді. Кейіннен осы парламенттік басқару жүйесін, президенттік басқару жүйесіне ауыстырған кезде, сол кездегі буын (қазір олардың жасы 70- 80 жастан асқан) қарсы шығып, өре түрегелуге кім кедергі жасады???!!!

Ол кезде мына ұры шалдың диктаторлық режимі әлі бекіп қалыптаспаған кез. Оның үстіне барлық билік парламентте еді. Сол кездегі парламент депутаттары, сіздерге сұрақ? Неге мына ұры ЖОҢҒАРҒА конституцияны өзгертіп, ойына келгенін істеуге жол бердіңіздер???!!!
Неге сол кезде қарсылық білдірмедіңіздер???!!! Сіздердің мүмкіндіктеріңіз бола тұра, неге үндемей қалдыңыздар???!!!

Қазіргі мемлекет пен халықтың жағдайының осындай жыларман жағдайға келуінің, бірден-бір себепкері, сіздерсіздер!!! Сіздерде кейінгі буындарға осылай қиянат жасап, қастандық жасадық деген ой келмейді ме? Қазіргі кезде де, сіздер ештеңе болмағандай, ішінде оты бар, жалындап тұрған жастарды «тыныш жүріңдер, заман жақсы, есесіне еліміз бейбіт, соғыс жоқ, шүкір етіңдер» деп ақыл айтқыларыңыз келеді.

Сіздердің осы жіберген қателеріңізді жөндеулеріңізге әліде мүмкіндіктеріңіз бар.

1. Назарбаевты орнынан кетіру үшін, сіздер өздеріңізден кейінгі буындарды және жастарды жаппай бастап, алдағы болатын сайлауға байланысты өз наразылықтарыңызды білдіріп, бейбіт митингіге бастап шығыңыздар!
2. Алдыңғы шепте болып, бейбіт шеруге келген адамдарды қолдаңыздар!
3. Ұры, бандит билік қатал шара қолданған жағдайда, сіздер алдыңғы қатарда болып, тәртіп сақшылары мен әскерилерге, халыққа қару көтеру ҚЫЛМЫС екенін дыбыс күшейткіштерімен айтып, үндеме жасаңыздар!
4. Тарихта сіздердің аттарыңыз сол кезде АЛТЫН ӘРІППЕН жазылатын болады.
5. Сіздер бұдан кейін жүрген жерлеріңізде, тек бірігу керек деген әңгімені ғана айтып, халықты біріктіру үшін, үндеу жасап отырыңыздар!
6. Назарбаевтың зәре құты кетіп қатты қорқатын, ҚДТ#ДВК қозғалысы туралы айтып, тек осы тәуелсіз қозғалыс қана, мына қанды режимді өзгерте алатыны туралы бар шындықты айтып, халыққа жеткізіп отырыңыздар!
7. Сол кезде ғана сіздер ХАЛЫҚТЫҢ алдында мерейлерің үстем, жүздеріңіз жарқын болады және нағыз АҚСАҚАЛДАР деген айтқа лайықты екендеріңізді дәлелдейсіздер!

Мына ұры шалдың мемлекет пен халыққа тиесілі байлықты, еркін ұрлап тонауына неге біз жол бердік? Бұл жерде ұлттық табиғи байлық туралы айтпай-ақ қояйын. Жарайды, алданып қалғанымыздан, ұры шалға мемлекет пен халықты тонауға жағдай жасап бердік делік.
Менің түсінбейтінім СІЗДЕР мен БІЗДЕР НЕГЕ ҰРЫ РЕЖИМГЕ ӨЗ БОСТАНДЫҒЫМЫЗДЫ ҚОСА БЕРДІК?! Қазір мына бандит билік бізді малға ұқсатып, қайда айдағысы келсе, сонда кете беретін малға айналдырды.
Сондай-ақ адамдар жағымсыз нәрселерді көрмеу үшін және шындықты мойындамау үшін желілерден өздерін аулақ ұстап, биліктің айдаған өрісіне мал сияқты көніп кете береміз. Неге?

Адамдар саясат туралы әңгімелерден қашып, үндемеуге дағдыланған. Ұры биліктің, мал сияқты айдауына көніп, оны өмір салтына айналдырып алғанбыз. Осы адам төзгісіз жағдайларды адамдар тұрмыстағы қалыпты жағдай деп қабылдайды.
Біз осылай мал қорада қамалып, қой сияқты айдаған жағына көніп жүре бергеніміз, ұры билікке өте ыңғайлы. Шындығында біз қазірдің өзінде өз еркімізбен малға айналдық. Олар осындай тәсілдермен біздің жүрегімізді езіп, рухымызды сындыру арқылы бізді тонап, ақыр соңында жерімізді шетелге сатып, мемлекет пен ұлтты жояды. Оларға ең бастысы - ақша мен байлық керек. Оларда ОТАН деген ҚАСИЕТТІ, ҚАСТЕРЛІ түсінік, мүлдем жоқ. Олар дүние мен байлықтың ҚҰЛЫ!

Қазір біздің елімізде адамдарды адамгершілік пен ізгілікке шақыратын ҰЛЫЛЫҚ ұстаным мен ҚАҒИДА жоқ десек те болады. Қоғамымызды қатігездік пен зұлмат және азғындық қасіреті жайлаған.

Қазіргі ХАЛЫҚҚА қарсы саясат ұстанып отырған, экстремисттік билік, ХАЛЫҚТЫ өз жауындай көретін ЖАУҒА айналды. Билікті қолдамағандар, ХАЛЫҚ жаулары емес! ҰРЫ БИЛІКТІ қолдағандар, ХАЛЫҚ жаулары. Билікке қарсы шығу, мемлекет пен халыққа қарсы шығу емес! Керісінше ҰРЫ, САТҚЫНДАРДАН-МЕМЛЕКЕТ ПЕН ХАЛЫҚТЫ ҚЫЗҒЫШТАЙ ҚОРҒАУ деген сөз.

БІЗ БҰЛАЙ ӨМІР СҮРМЕУІМІЗ КЕРЕК!
БІЗГЕ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРІС КЕРЕК!
АДАМДАР ӨЗГЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ!
БҰЛ БІЗДІҢ УАҚЫТ! МҮМКІНДІКТІ ЕНДІ ҚОЛДАН БЕРУГЕ БОЛМАЙДЫ!
ОЯН ҚАЗАҚ! ТҰР ОРНЫҢНАН! АЛҒА ҚАЗАҚ!

АЛҒА#ҚАЗАҚСТАН!



Сіздер мына төмендегі тізім мен ссылкадан, сіздер Қазақстандағы барлық байлық - кімдерге тиесілі екенін көре аласыздар:

1 https://clck.ru/E9xRi 2.https://clck.ru/E9xT8 3.https://clck.ru/E9xUH 4.https://clck.ru/E9xVY 5.https://clck.ru/E9xWu
1.Тенгизшевройл
2. Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. Казах. филиал
3. Мангистаумунайгаз
4. Транснациональная компания Казхром
5. СНПС – Актобемунайгаз
6. Казцинк
7. Озенмунайгаз
8. Филиал Би Джи Карачаганак Лимитед
9. Джей Ти Ай Казахстан
10. Филип Моррис Казахстан
11. Эмбамунайгаз
12. Совместное предприятие "Казгермунай
13. Аджип Карачаганак Б.В.
14. Народный сберегательный банк Казахстана
15. Казахойл Актобе
16. Филиал Шеврон Интернэшнл Петролеум Компани
17. Каражанбасмунай
18. Казахтелеком
19. Казкоммерцбанк
20. ЕР САЙ Каспиан Контрактор
21 Соколовско-Сарбайское горно-обогатительное производственное объединение
22. КазТрансОйл
23. Корпорация Казахмыс
24. ЛУКОЙЛ Оверсиз Карачаганак Б.В.
25. Каспий нефть
26. Павлодарский нефтехимический завод
27. Казахстанская компания по управлению электрическими сетями KEGOC
28. Востокцветмет
29. Кселл
30. ПетроКазахстан Ойл Продактс
31. Национальная компания Қазақстан темір жолы
32. "ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз"
33. Болашак-Атырау
34. КМГ Карачаганак
35. Интергаз Центральная Азия
36. Шлюмберже Лоджелко Инк.
37. Казахстанско-французское совместное предприятие Катко
38. Атырауский нефтеперерабатывающий завод
39. Altyntau Kokshetau
40. Евроазиатская энергетическая корпорация
41. Восход Хром
42. Каспийский трубопроводный консорциум
43. Сембол Улусларарасы Ятырым Тарым Пейзаж Иншаат Туризм Санайи ве Тиджарет Аноним Ширкети
44. НГСК КазСтройСервис
45. Коппер Текнолоджи
46. Единый накопительный пенсионный фонд
47. Алюминий Казахстана
48. Богатырь Комир
49. Газпром нефть-Казахстан
50. Иностранное предприятие Эфес Казахстан