Найти тему
Мурат Сайрамбеков

Аузы айдай сұлу қарағым ай🌒

Махаббат бұл сегіз әріп бір арман Бауыр басып қос жүректен жаралған.
Сезбесе де тән жылуын кездесіп
Жүрегіңе сезім қанмен таралған.

Махаббат бұл, сегіз әріп бір сенім
Араласқан сыйластықтың мол кенін.
Қол ұстасып көрмесе де бір-бірін,
Сезе тұғын ғашықтықтың бал демін.

Махаббат бұл сегіз әріп сағыныш
Сағынышым жыр шумағым алып ұш.
Сағынышпен төзімдерден жаралған
Махаббатың күші шексіз алып күш.
 
Махаббат бұл сегіз әріп бір сезім
Махаббатпен бақыттысың бар кезің.
Күндіз ойың,түнде ұйқыңды ұрлаған
Махаббаттың шекарасы тек төзім.

Махаббат бұл сегіз әріп қос жүрек
Бір-біріне бола алған бек тірек.
Махаббатты аялап қана ұстасаң
Жаңғырады жаны жаздай жан түлеп.
Махаббат бұл сегіз әріп бір арман Бауыр басып қос жүректен жаралған. Сезбесе де тән жылуын кездесіп Жүрегіңе сезім қанмен таралған. Махаббат бұл, сегіз әріп бір сенім Араласқан сыйластықтың мол кенін. Қол ұстасып көрмесе де бір-бірін, Сезе тұғын ғашықтықтың бал демін. Махаббат бұл сегіз әріп сағыныш Сағынышым жыр шумағым алып ұш. Сағынышпен төзімдерден жаралған Махаббатың күші шексіз алып күш. Махаббат бұл сегіз әріп бір сезім Махаббатпен бақыттысың бар кезің. Күндіз ойың,түнде ұйқыңды ұрлаған Махаббаттың шекарасы тек төзім. Махаббат бұл сегіз әріп қос жүрек Бір-біріне бола алған бек тірек. Махаббатты аялап қана ұстасаң Жаңғырады жаны жаздай жан түлеп.