♦️ #Бас_ауруының бірнеше себебі бар Қатты ауырмайтын, бірақ ұзаққа созылатын ауру. Бұл кезде ешқандай шаншу болмайды. Тек бас немесе мойын айналасында түйінделіп қалған сезім болады. Жеткіліксіз ұйқы, депрессия және стресс оның ең басты себептері. Қатты ауыртатын және шаншитын бас ауруы. Көбінесе көздің артында сезіледі. Жарыққа және дауыстарға қарсы тітіркену, лоқсу және жүрек айнуы болады. Себептері мезгілсіз тамақтану және гормонды дәрі-дәрмектер. Бұл бас сақинасы (мигрень) саналады. ♦️ #Солқылдау. Өте қатты ауыртады. Көбінесе бір көз айналасында немесе артында сезіледі. Мұрынның бітелуі, көздің жасаурауымен бірге болуы мүмкін деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Ауыруы көбінесе ұйқы кезінде келеді. Спиртті ішімдіктер және темекі – мұның ең басты себептері. ♦️ #Гайморитке байланысты ауырғанда белгілері ауыртпалы және тұрақты болып келеді. Мұрыннан тоқтамай су ағады. Ауырғаны мұрын үстінен бастап, маңдайға және құлаққа дейін жайылады. ♦️ #Аллергияға байланысты бас ауыруы кезінде танаулард