https://qazaqytoi.kz/kitap-o-udy-pajdasy-fotoreportazh/ Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. («Рухани жаңғыру» мақаласынан) Адамның тұлға болып қалыптасуына көп факторлар әсер ететіні анық. Ата-ана, қоғам, сана, әдет-ғұрып және рухани азық. Сыртқы және ішкі құбылыстар өзара гармонияда болған күні әр баланың ертең тұғыры биік тұлға болып шығатынына кепіл беруге болады. Бүгінгі фоторепортажымызды рухани азықтың бірі – кітап оқуға және оның пайдасына арнаймыз. 1. Сөздік қорыңыз aртaды. Оқыған кітабыңызда қaй сөз көп қaйтaлaнсa – аталмыш сөзді күнделікті өмірде қолдaну ықтимaлдығы жоғaры болaды. Біліміңіз aртып, түсіну және түсіндіру оңaй болaды. Қолға алып, оқыған кітабыңыз керемет болса, сіздің қоршаған зaттaрғa деген көзқaрасыңыз да өзгере түседі. Күнделікті тіршілік барысында байқамаған қарапайым құбылыстың өзінен жаңа қырды көре білетін боласыз. 2. Балалар әдебиетіне келетін болсақ, кітап оқу әлемін ертерек таныстырған жөн. Бала жақсы кітап