Найти в Дзене
Атамекен газеті

«... КӘСІПКЕРДІ ҚОЛДАУҒА ДАЙЫНБЫЗ»

Жуырда  Алматы облысы əкімінің орынбасары Бағдат Манзоров жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына келді. Оны аудан əкімі Бағдат Əлиев қарсы алып, Қасымбек ауылындағы 150 адамды жұмыспен қамтып отырған «TEKSAN KAZAKHSTAN INVEST» зауытына бастап барды. 300 түрлі жарық электр шамдары мен кеңсе тауарларын шығаратын кəсіпорынның тынысымен танысқан Бағдат Сайланбайұлы зауыттың қызметкерлерімен сөйлесіп, олардың тұрмыстық жағдайына назар аударды. Мекеме басшысы Дияс Құрмашевтың айтуынша, мұндағы орташа жалақы 90 мың теңге. Алыстан келіп жұмыс істейтін қызметкерлерге арнайы жатақхана мен асхана қарастырылған. Биылғы алты айдың қортындысы бойынша жалпы құны 136 млн. теңгелік 50143 дана өнім өндіріліпті. Қазіргі уақытта ел игілігін еселеуге елеулі үлес қосып жүрген кез келген кəсіпкер мемлекет тарапынан жан-жақты қолдауға ие екенін тілге тиек еткен Бағдат Сайланбайұлы: – Үкімет тиімді бағдарлама қабылдады. Халық тұтынатын тауарлар мен өнеркəсіп өндірісін қолдауға 600 млрд. теңге бөлінді. Екінші де

Жуырда  Алматы облысы əкімінің орынбасары Бағдат Манзоров жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына келді. Оны аудан əкімі Бағдат Əлиев қарсы алып, Қасымбек ауылындағы 150 адамды жұмыспен қамтып отырған «TEKSAN KAZAKHSTAN INVEST» зауытына бастап барды. 300 түрлі жарық электр шамдары мен кеңсе тауарларын шығаратын кəсіпорынның тынысымен танысқан Бағдат Сайланбайұлы зауыттың қызметкерлерімен сөйлесіп, олардың тұрмыстық жағдайына назар аударды.

Мекеме басшысы Дияс Құрмашевтың айтуынша, мұндағы орташа жалақы 90 мың теңге. Алыстан келіп жұмыс істейтін қызметкерлерге арнайы жатақхана мен асхана қарастырылған. Биылғы алты айдың қортындысы бойынша жалпы құны 136 млн. теңгелік 50143 дана өнім өндіріліпті.

Қазіргі уақытта ел игілігін еселеуге елеулі үлес қосып жүрген кез келген кəсіпкер мемлекет тарапынан жан-жақты қолдауға ие екенін тілге тиек еткен Бағдат Сайланбайұлы:

– Үкімет тиімді бағдарлама қабылдады. Халық тұтынатын тауарлар мен өнеркəсіп өндірісін қолдауға 600 млрд. теңге бөлінді. Екінші деңгейлі банктен несие алып, өнеркəсіп кешенін кеңейтуге мүмкіндік көп. Сондықтан өнімді көбейтіңіздер, қосымша жаңа жұмыс орнын ашыңыздар.

Кімде кім жаңа жұмыс орнын ашса, өндіріс орнын кеңейтсе, біздің тарапымыздан қолдау көрсетіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша осы салаға инвестиция көптеп тартылуы керек.

Бұдан кейін сапар «Алматы Сұңқар құс фабрикасы» ЖШС-де жалғасты. 2012 жылдан бері қарқынды жұмыс істеп жатқан фабрика қазір 96 адамды жұмыспен қамтып отыр. Мекеме басшысы Дмитрий Чалых былтырғы жылы 85,8 млн. дана жұмыртқа өндіріп, өндіріс көлемін 1 662,6 млн. теңгеге жеткізгенін, ал, биылғы алты айдың қорытындысы бойынша 44,2 млн. дана жұмыртқаны сатылымға шығарғанын мəлімдеді. Фабрика жұмысшыларының ең төменгі жалақысы 120 мың теңге екен. Өндіріс орнының қарқыны жақсы. Д.Чалых мырзаның жетістігіне риза болған облыс əкімінің орынбасары олардың алдағы жұмысына сəттілік тіледі.

Сол күні облыс əкімінің орынбасары Бағдат Манзоров аудан активімен кездесу өткізді. Онда Жамбыл ауданының əкімі Б.Б.Əлиев өңірде атқарылып жатқан өнімді жұмыстардың мəнісін қысқаша баяндады.

Бағдат Сайланбайұлы аудан əкімінің орынбасарларымен, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, өнеркəсіп, кəсіпкерлік жəне өзге салаға жауапты басшылармен жеке-жеке танысып, маңызды мəселелерді талқылады. Кейбір кенже қалған көрсеткіштерді мүмкіндігінше арттыру керектігін ескертті.

– Жамбыл ауданы Алматы сияқты үлкен мегаполистің іргесіне орналасқандықтан өркениетке бейім. Ауданның дамуына, гүлденуіне кəсіпкерлер ерекше ықпал етеді. Сондықтан, жеке кəсіп ашамын деген ынталы азаматтар болса, барынша қолдаймыз. Жəне тың бастамаларыңызды да іркілмей ұсыныңыздар, – деді.

Бақтияр АЙТАЛЫ.