Биылғы жаз былтырға қарағанда ерекше аптап ыстығымен есте қалатын болды. Лүп еткен жел жоқ. Қапырықты ауа температурасы қырық градусты көрсетіп тұр. Соған қарамастан жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтары, өндірістік кооперативтермен қатар жауапкершілігі шектеулі серіктестер шөп шауып, егін орып, дала төсінде еңбек дүбірін қыздыруда. Айналаға көз салсақ, алқапта қуатты техникалардың араласуымен шөпті шауып, тайлап, автокөлікке тиеп жатқан еңбек адамдардың жіті қимылын байқауға болады. Маңдайынан тамшылаған терді алақан қырымен сыпырып тастап, таңның атысынан күннің батысына дейін түн қараңғылығы қоюланғанша шаруа еңбеккерлерінің бұл іс-қимылын ерен ерлікке баласа да болғандай. Өйткені, олардың бар мақсаты қыстың қамын жазда ойлап, мал азығын ерте бастан дайындау, жем мен шөптің жеткілікті қорын жинап алу. Біздің бағытымыз өрісі малға толы, төрінен қонақ үзілмеген, атқылаған бұлағы, жасыл малға жұғымды құрағы бар Аққайнар ауылына тірелді. Бұл ауыл адамдарының өзара ынтымағы мен татымд