Ауданда шаруа қожалықтарының саны артып, жыл өткен сайын малдың қарасы көбеюде. Мал өнімін ұқсатып, тиыннан теңге құрауға үйренген шаруа адамдарының тұрмыс-тіршілігі де көңілге тоқ. Қашан да қазақтың байлығы мен ризығы төрт түлік малға байланысты. Ісі ілгері басқан шаруа қожалықтарының қатарында Ақсеңгір ауылындағы «Санжар» шаруа қожалығының жұмысын атап айтуға болады. Басшысы Тұрсынғали Сарыбаевтың бұл саладағы іс-тəжірибесі мол. Ол 1976 жылдан бері Ақсеңгір ауылында тұрады. Осында 1991 жылға дейін автокөлік жүргізушісі болған. Мал шаруашылығына өз үлесін қосып, құс ұйқылы қойлы ауылда жүріп, шопандардың күнделікті өмірімен танысқан. Жылдың төрт мезгілінде мал бағудың қыры мен сырын үйреніп, көкейіне түйген. Бұдан соң Тұрсынғали 1996 жылға дейін Халқымызда «Мал өсірсең қой өсір, табысы оның көлкөсір» деген қанатты сөз бар. Қой басқа малдарға қарағанда өте шыдамды, ыстыққа да, суыққа да төзімді жануар. Еті, жүні мен сүті аса бағалы. Өз төлі есебінен тез көбейіп, баққан адамның ырыс-дə