13. "Тозақ қақпасы" – Түрікменстандағы Дарваза кратері Түркіменнің Қарақұм шөлінде Дарваза газ кратері бар. Бұл отты шұңқырдың диаметрі 60 м және тереңдігі 20 м дейін жетеді. Осы отты шұңқыр - мұнда жүргізілген КСРО кезіндегі геологиялық зерттеулердің нәтижесі болып табылады. Кейін кратердің кеңес бұрғылау мұнарасын жұтқан фактісі бар. Қазу кезінде геологтар табиғи газы бар жерасты кавернасын тапты. Ол көптеген адамдардың қаза табуына әкеп соқтыруы мүмкін еді. Шағын мәжілістен кейін ғалымдар газды жағуға шешім қабылдады. Олардың есептеуінше, жалын бір аптадан аз уақыт ішінде өшуі тиіс еді, алайда "тозақ қақпасы" бүгін де жанып тұр. 14. Аркаим, Ресей Аркаим – жақында Челябі аумағында табылған ежелгі қоныс. Бұл планетадағы жұмбақ орын еуропалық, парсы және үнді өркениеттерінің ата-бабалары – көне арилар отаны болуы мүмкін деп саналады. 20 ғасырдың соңында Аркаимды су бастырғылары келген. Бұл көрікті, мыңжылдық тарихы бар бірегей сәулет ескерткіші болып табылады. Сондай-ақ, Аркаим і