АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Осыдан бір жыл бұрын дәл осы күні қазақстандық мәнерлеп сырғанау шебері Денис Тен кісі қолынан қаза тапқан болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Денис Тен өткен жылы 19 шілдеде 25 жасында қайтыс болды. Күндізгі сағат үштер шамасында ол Байсейітова мен Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы мейрамханадан шыққан. Екі жігіттің көлігінің айнасын ұрлап жатқанын байқаған Денис оларды тоқтатпақ болған кезде жамбасынан жарақаттанды. Жедел жәрдемді жақын маңда өтіп бара жатқан адамдар шақырған. Ол №12 қалалық орталық клиникалық ауруханаға 15.23-де жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады. Ақ халаттылар оның өміріне араша түсе алмады. Үш литр қан жоғалтқан Денис Тен 17: 30-да қайтыс болды. Сочи олимпиадасының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 21 шілде күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Марқұм Достық кентінде жерленді. Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салуға Үкімет мүшелері,