Сынып: 5-сынып Пәні: Қазақ тілі Сабақың мақсаты: білімділік — оқушылардың білім деңгейін көтеру;
дамытушылық — сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;
тәрбиелік — Отанды сүюге баулу, туған жерді аялауға, қорғауға тәрбилеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, лента, кесте. Сабақтың барысы: I. Психологиялық кезең II. Cабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру — Балалар, бүгін сендердің мойындарыңда екі түрлі лента бар. Бұл ненің белгісі? Бұл түстерді қай жерден көруге болады? — Тудан. — Көк түс нені білдіреді? — Ашық аспанды білдіреді. — Сары түс нені білдіреді? — Күн сәулесін білдіреді. — Осындай күн сәулесі төгілген, ашық аспанда тұрып жатқан біздің Отанымыз қалай аталады? — Қазақстан. — Қазақстан дегенде сендердің ойларыңа қандай сөздер түседі. (Кластер құрастыру) (Оқушылардың сөздік қорын бақылау үшін әр оқушыға бір-бір сөйлем құрату) III. Жаңа сабақ Кіріспе бөлімі: — Қазақстан бәрімізді