https://qazaqytoi.kz/ana-s-tin-a-tama-andy-eshkim-ma-tamajdy-ana-turaly-ma-al-m-telder/ Ақ шашты ана: «жастығым — балам» дейді. Ақылды бала: «ай-күнім — анам» дейді. *** Алты ұл тапқан ананы «ханым» десе болады. Сыйласа білген адамды «жаным» десе болады. *** Алып анадан туады, Ат биеден туады. *** Ана алақанының аясы, Ақ шынардың саясы. *** Ана алдында құрмет, Ата алдында қызмет. *** Анаға баланың алалығы жоқ. *** Анадан алтау туғанша жалғыз туса нетеді — елге тұлға болғалы. *** Қарағайға қарсы бұтақ біткенше еменге айыр бүтақ бітсе нетеді — құсқа тұғыр болғалы. *** Анадан артық дос бар ма? Ашудан жаман қас бар ма? Жиырма бестен жақсы жас бар ма? Қымыздан тәтті ас бар ма? *** Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, Атадан тағылым алмаған ұл жаман (Қорқыт). *** Ана жақсылығын ауырсаң білерсің, Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің. *** Ана көркі алдындағы баласы, Қала көркі үйі, орман-ағашы. *** Аналы баланың өзі тоқ, Анасыз баланың көзі тоқ. *** «Анамды жақсы көргендіктен келісін түйдім. Аулымд
АНА СҮТІН АҚТАМАҒАНДЫ ЕШКІМ МАҚТАМАЙДЫ (АНА ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР)
3 июля 20193 июл 2019
1506
2 мин