Шапка - оқырманды қағып алатын ілмек. Көп ішінен сізді оқшаулайтын, екшелендіретін де осы жер.
Парақшаға кіріп келген қонақтың ең алдымен шапкаға көзі түседі.
⠀
Бұл кімнің парақшасы және оқырманға нендей пайдасы барын бадырайтып жазып қоймасаңыз, оқырман ұзақ бөгелмейді. Аты-жөні жоқ парақшаның посттарын аударып-төңкеріп ақпарат іздейтін оқырман аз қазір.
⠀
Шапкада міндетті түрде болуға тиісті ақпарат:
:star:Кім екеніңіз
:star:Немен айналысатыныңыз
:star:Оқырманға не ұсынатыныңыз
:star:Байланысу тәсілі (бизнес парақшалар)
⠀
:star2:Қиялыңыз жеткенше есте қаларлық тіркестр қолдануға тырысыңыз.
⠀
Енді интерактив. Бір-біріміздің шапкамызға сын айтып, сәндеуге көмектесейік:
⠀
1. Осы постқа лайк басыңыз.
2. Пікірге "Менің шапкамды талда" деп жазыңыз.
3. 3 пікір жазушының шапуасына талдау жасаңыз.
4. Айтылған кеңестер бойынша шапкаңызды дұрыстап алыңыз.