Найти в Дзене
RASHEV

ЖАҢА ПОСТҚА ИДЕЯЛАР

Блогын әдемі жүргізіп, аудиториясының назарын аударғандардың басты сұрағы бар - "бүгін не туралы жазам?"

Қызу талқыға түскен бір посттың идеясынан 5 не 10 жазба шығаруға болады десек, сенесіз бе?
Анау-мынау емес, оқылатын, қызық мәтін шығады 👍

Осы тәсілдің бірін ұсынамыз, лайк басып, коммент жазып, қолдай отырыңыздар.

✅ Мысалы, сіздің блогыңыз қарым-қатынас, тұлғалық даму туралы болсын. "Күйеудің көңілін табудың 5 тәсілі" деген тақырыптағы жазбаңыз қызу талқыланып, сақталып, лайк көп жинады делік. Тағы да нысанаға дөп тиіп, осындай қызық пост жазғыңыз келеді, қайтпек керек?

Енді "күйеу"-дің орнына "ене", "сырқат қайыната", "ерке қайынсіңлі", "ашулы бастық", "өкпешіл құрбы" деген сияқты сөздерді қолданып көріңіз.

Әрине, мұндай мазмұндас посттарды пулемет секілді бірінен кейін бірін жібермейсіз, арасына уақыт салып жариялау керек. Оқырмандар жалықпас үшін. Контент-план керек деп шырылдайтынымыздың бір себебі - осы.

✅Тағы бір мысал. Ми жұмысын жақсартуға арналған жаттығу туралы қызық пост жаздыңыз. Жаңа жазбалар тақырыбы, шамамен, былай:
▶️Есте сақтау қабілетін арттыратын жаттығу;
▶️Эмоциялық интеллектті арттыратын жаттығу;
▶️Ми тынықтыратын жаттығу.
Яғни, негіз ретінде тақырыпты алып, жан-жақтан, түрлі ракурстан жазасыз.

✅Саяхат туралы сериялы жазба жіберіп, өте қызық контент жасауға болады. Мейлі, бұрынғы болса да, естеліктер мен тәжірбие әрқашан оқылады.
"Стамбулда жеген ең дәмді 3 тамақ", "Стамбулда болған 5 қызық оқиға", "... ең көрікті 5 орны", "... ұнамаған 4 тұсы" сияқты майда-майда тақырыптардан ауқымды мәтін шығарасыз.

Тап қазір біздің "Суперкопирайтер" курсымыз жүріп жатыр. Ал, ертең желілік бизнес иелеріне арналған марафонымызды бастаймыз. Тіркеліп үлгересіз.

✅Енді өте пайдалы интерактив.
1. Блогыңыздағы мықты өтті деген ең қызық постыңыздың тақырыбын жазыңыз;
2. Басқа комменттегі тақырыпқа тағы 3 пост нұсқасын ұсынып көріңіз;
3. Белсенді болсаңыз, бірнеше жаңа постқа тақырып жиып аласыз.
4. Ұнаған нұсқаларға рақмет айтыңыз 😊
5. Сәттілік!