2019 жылдың 6 мамыры америкалық HBO (Home Box Office) телеарнасы мен ағылшынның Sky компаниясы бірлесе түсірген, 1986 жылы орын алған Чернобыль АЭС апаты жайында баяндайтын 5 сериялық шағын сериал жарық көрді. Туынды авторы және сценаристі — америкалық сценарист Craig Mazin, ал режиссері — Bo Johan Renck. Аталған картина IMDb қолданушыларының бағасы бойынша әлем тарихындағы ең үздік 250 сериалдың көшін бастады. Сериал не жайында? 1986 жылдың 26 сәуір күні, сағат тура 01:23:47-де Припять қаласының маңында орналасқан В.И. Ленин атындағы Чернобыль атом электр стансасының 4-энергоблогында жарылыс орын алған. Жарылыс салдарынан реактор толықтай қирап, қоршаған ортаға бірнеше радиобелсенді заттар босап шыққан. Аталған апат экономикалық шығыннан бөлек болжалды қаза мен апат салдарынан зардап шегушілер саны бойынша ядролық энергетика тарихындағы ең жойқын әрі ауқымды жарылыс болып есептеледі. «Chernobyl» сериалы осы апаттың шынайы тарихын баяндайтын туынды. Көпшілік сериалды қалай қабылдад
«Chernobyl» Қазақстанға жасалған емеурін бе әлде ҮРКІТУ ме?
21 июня 201921 июн 2019
31
3 мин