Қазақ халқының қуанышы - қасиетті тойының қадірін арттырып, өнегелі той өткізу асабаға жүктелген жауапты міндет. Той – халықтың қазынасы, әрбір шаңырақтың көптен күткен қуанышы, сондықтан да тойды сапалы етіп жүргізу асабаның басты міндеті ретінде саналып, жауапкершілігі бәрінен жоғары болуға тиіс, десекте, бүгінгі тойларда жүрген кейбір асабаларды көріп қарының ашады, келген жұртты өзіне ұйыту былай тұрсын, ел жұртты жасына қарамай жеңіл ұятсыздау қалжыңдарымен халықты күлдіремін деп, керісінше ұятқа қалып жатады, келген ата- әжелеріміз бен ел ағасы болған ағаларымыз бен ақ жаулықты аналарымызды ойынға қосып, ол кісілерді ел алдына шығарып келеке етіп жатқандай көрінетіндігі жасырын емес. Тіпті, кей жағдайда сіздің алдын ала келіскен асабыңыз жауапсыз болса, бір емес бірнеше тойды қатарынан алып, тойда тұрып келесі тойға асығамын деп асығыс жүргізетін де асабалар бар, ондай тойда тек асаба ғана емес той иесінің өзі де асығып кететінін байқамай қалады. Кейбіреулері тіпті ақысын алдын