Алматы қаласында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы - Денис Тенге арнап ескерткіш орнатылды. Қоладан құйылған 2,4 метрлік мемориал спортшының өмірі қиылған Байсеитова мен Құрманғазы көшелерінің қиылысында орналсқан.
Ескерткіш ашылу салтанатында Денисті ата-анасы, Қазақстанның халық әртісі - Роза Рымбаева, үш түрлі салмақ санаты бойынша төрт дүркін әлем чемпионы - Илья Ильин, Қазақстанның әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығы иегері - Жания Әубәкірова мен Қазақстан кәрістері Ассоциациясының президенті - Сергей Огай қатысты.
Монумент спортшының туған күніне орай 13 маусым күні ашылуы тиіс еді, алайда дәл сол күні әкімшіліктің айтуы бойынша "техникалық ақаулар" орнап, ашылу салтанаты кейінге қалдыралған еді. 10-13 маусым аралығы Алматы, Астана және Шымкент қалаларында сайлаудан кейінгі толқулар болып өткенін еске саламыз.