Жоғары біліміңіз бар, жұмыс тәжірибеңіз де жақсы. Бірақ сізді мазалайтын кей ойлар бар. Өйткені бүгінге дейінгі жетістіктеріңізді бір сәттіліктің арқасында, сәйкестік нәтижесінде немесе басқа бір себепші арқылы болды деп ойлайсыз, кей нәрселерді тым оңай көріп, жұртты алдаған сияқты сезімде боласыз, бір күні жұрт біліп қалып, бетпердеңіз шешіледі деп ойлайсыз. Бұның аты — Алаяқтық синдромы. Алаяқтық синдромы деген не?
Алдымен мына сұрақтарға жауап беріп көріңіз:
Алаяқтық синдромының бір қызық жері — сіз табысты адамсыз. Тек мұны қабылдай алмайсыз. Резюмеңізді қарап тым артық жазғандай көресіз, болмашы нәрселер жазғандай боласыз. Жұрт жақсылығыңызды айтып мақтаса, тым артық артқандай болады.
Бұл синдромның себеп-салдарын анықтап, құтылу жолдарын іздеп көрейік.
Неге бұлай?
Әлемдегі мәселелердің негізі — ақымақтар мен фанаттар өздеріне қатты сенімді, ал ақылдылар күман толы.
Бертран Рассел, ағылшын философы Психологтардың айтуынша бұның бір себебі: Даннинг — Крюгер эф