HBO-ның «Чернобыль» минисериалы режиссерлік жұмыстан гөрі, тақырыбымен елең еткізген шығар. Әсіресе біздерді. Бейбіт күнгі ядролық апат тақырыбы өз алдына қызық; бірақ біздің толқынды және exUSSR үшін - сол бір қытымыр кезеңді еске алу тіпті қызық болған шығар. Бүгінгі жастар «заман шынымен сондай болды ма?» деп сұраса, қанқызыл күнді аңсаушылар «қой, әміркендер өтірікші!» деп, өтірік айтып жатқанын көріп отырмын. Ендеше, мен куәлік етсем. Бұл сериалдағының барлығы шын. Сәтті таңдалған бояу фактурасын, адам-шенеуніктің стильдерін былай қойғанда, анау — тағдырлар шын. Шын, шын. Билік тап сондай болды. Адамдар қисынға емес, қолында билігі бар адамның көңіл-күйіне бағынды. Негізі, қолында билігі бар адамның көңіл-күйіне барлық жерде қарайды; бірақ біздікі тап осы фильмдегідей — тіпті арсыз пошымда болды. Мыңдаған мамандар «жоғары жақ бәрін біледі» деген соқыр сеніммен өмір сүрді. Сосын бір күні аппараттық жиналыстарға қатысып, қандай есектер отырғанын көріп, жағасын ұстады. Бұл сериалда