Капустаны, қызанақты, тарнаны, бұрышты, баклажанды, асқабақты, патиссонды, қауынды, қарбызды, қияр мен сельдерейді көшеттеп өсіреді. Көшетті қайта отырғызғаннан кейін жұлынған тамырларының қалпына келуі үшін 10-15 күн керек. Тамырларын дұрыс сақтау үшін көкөніс дақылдарының көшеттерін шымтезекті, шымтезекті-целлюлозалы, шымтезек-шірінділі, қағаз не пластмасса қораптарға сирету жолымен өсірген жөн. Қораптарды әзірлеу үшін 4 бөлік шымтезек, 1 бөлік ағаш үгіндісі және минерады тыңайтқыш алу керек. Әр қорапқа 1-2 тұқым отырғызады. Қорапқа салынған жәшіктерді температрасы 20-25 С-ға жететін, бірақ 15 С-ден кем емес жылы жерге қою қажет. Өркен көктеп шыққанға дейін жәшікті үшқатпен, картонмен, полиэтилен пленкасымен немесе әйнекпен жауып қойған дұрыс. Өркен көктеп шыққан бойда жабындыны алып, жәшікті күн беттегі терезенің алдына апарады (өйткені күн түсі жеткіліксіз түссе, өркен әлсіз өседі де, қайта отырғызуғу жарамайды). Даладағы температура 7 С-ден жоғары болса, жәшіктерді күндіз сыртқа ш