Тұқым себу мерзімі. Суыққа төзімді өсімдіктердің (тамыр жемістілер, пияздың түрлі сорттары, бұршақ және т.б.) тұқымын әдетте сәуірдің аяғы – мамырдың басында себеді. Картопты да осы мерзімде отырғызады. Сәбіз, қызылша, ақжелке, салат, шпинатты күзде, қар түскенше көктеп үлгермейтін уақытта (бұл үшін тұқымды қарашаның 1-ші жартысында жүйекке егеді) еккен дұрыс. Жылылықты жақсы көретін дақылдарды (бадана, қияр) көктемгі суық өткеннен кейін, мамырдың екінші жартысында немесе маусымның алғашқы он күндігінде себеді. Тұқым себудің тереңдігі. Әдетте бақшамен алғаш айналысқандар тұқымды терең сіңіреді. Мұндай жағдайда тұқымның көктеп шығуы кешігеді, яғни мүлде өспей қалады. Оның үстіне, терең сіңірген тұқым көктегенімен, жер бетіне шыңа алмайды. Ал, өте тайызға тайызға түскен тұқымға ылғал жетіспейді, өйткені жер қыртысының жоғарғы қабаты әдетте тез кебеді. Тұқымның ұсақтарын (шалқан, сәбіз) 1-2 см тереңдікке, орташаларын (қызылша, қияр) – 2-3 см, ал ірілерін (бұршақ, бадана т.б.) – 3,5 см тер