Жоғары сапалы мол өнім алу үшін таза сортты, алдын-ала әзірленген, шығымдылық дәрежесі тексерілген тұқым іріктелу тиіс. Ол үшін тұқымды ас тұзының 3 пайыздық ерітіндісіне (1 л суға 30 г тұз) салу керек. Ерітіндінің түбіне тұнған тұқымды мұқият жуып, кептіргеннен кейін егеді. Асқабақ пен бақша дақылдары үшін 2-3 жыл бұрынғы тұқымды пайдаланған дұрыс, өйткені олар іс жүзінде вирустан тазарған және аналық гүлдері біркелкі жақсы өседі. Бұл дақылдардың жас тұқымын екпестен 1,5-2 ай бұрын дәкеден жасалған қапшық – дорбаға салып, жылы батареяның немесе пештің жанына қойып қыздырады. Тұқым арқылы өсімдіктің жұқпалы аурулары тарап кетуіне жол бермес үшін оны алдын-ала 2-4 күн бойына ашық ауада ұстап, күн көзіне қыздыру керек. Сәбіз бен капуста тұқымы ішіндегі инфекцияны жою үшін оны 15-20 минут ыстық суда (сәбіз тұқымын 52-53 С температурада, капуста тұқымын 48-50 С температурада) қайнатып алады. Бұрыш пен баклажан тұқымын 25 минут, бұршақ тұқымын 5 минут 50 С температурада қыздырып, залалсызд