Түс атаулары сонша көп емес. Басты төрт түс (қызыл, сары, жасыл, көк) пен ахромат әрі пәлсапалық мазмұнға қанық - ақ пен қараны білеміз. Қалған түстер осылардың туындысы. Техникалық тұрғыдан - қызыл, жасыл, көк түстерді түрлі мөлшерде араластырып (RGB), кез келген түсті шығаруға болады. Түс - электромагниттік сәуле. Ал оның атаулары - субъективті. Арайды «қып-қызыл» дейтіндер бар. Басқаның ауылынан ататын арай ақшыл сары болса да. Бояудың атаулары жетпейтін жерде балама келтіреміз. «Меруерттей тістерің», «жақұттай көздерің», әләуләйлім, әләуләй. Біраздан бері «желіні жарып жүрген» кроссовканың түсі қандай? Reddit сияқты желілерден тарап кететін осындай басқатырғыштардың көбінің проблемасы - оқырмандардың сөз ұқпауында. Бұл енді, жалпыадамзаттық проблема ғой, қарап тұрсақ. Себебі, аяқ киімнің түсін сұраса да, жұрт бауларының, табаны мен өрнектерінің түсін айтып кеткен. Неге екені белгісіз, оның ішінде өзім де бармын. Енді қызық: «мына аяқ киімнің түсі қандай?» десе, мен сияқтылар «бир