Көкөніс дақылдарының бір түрін өнебойы белгілі бір жерге жылма-жыл қайталап еге беруге болмайды, өйткені бұл өсімдіктің әр түрлі ауруларының өріс алуына, зиянкестердің пайда болуына әкеліп соқтырады. Сондықтан учаскенің бір бөлігіне картоп, екіншісіне – көкөніс егіп, жыл сайын олардың орнын алмастырып тұрған жөн. Бұдан басқа, учаскенің әр бөлігінде көкөністің жеке түрлерін бұрынғы өскен жерінде кемінде 4 жылсыз қайтып егілмейтіндей есеппен орналастыру қажеттігін де сақтаған дұрыс. Органикалық тыңайтқыш енгізу нормасы. Норма 1 м2 есептеледі. - Жылқы көңі: 2-5 кг; - Ірі қара көңі: 3-8 кг; - Сұйытылған көң: 3-8 кг; - Үй қалдықтары: 3-5 кг; - Торф: 5-10 кг; - Шіріген жапырақтар: 5-10; - Торфқа араластырылған құс саңғырығы: 1-2 кг. Минералды тыңайтқыш енгізу нормасы. Норма 1 м2 есептеледі. - Ағаш күлі: 100-200 кг; - Суперфосфат: 20-30 кг; - Калий тұзы (хлорлы калий): 30-40 кг; - Әк (қышқылды жерге 4-6 жылда 1 рет енгізіледі): 300-1000 кг; - Нитрофоска: 30-40 кг; - Аммиак селитрасы: 10-20
Бақша. Дақылдарды учаскелерге орналастыру. Тыңайтқыштар енгізу нормалары
27 мая 201927 мая 2019
63
~1 мин