Найти в Дзене
erekepost

Ресейлік журналистердің Telegram аккаунттарын бұзу әрекеті болды

Бұл туралы Telegram негізін қалаушы Лев Дуровтың арнасы хабарлады.

Хабарда Ресей билігінің Екатеринбургтегі оқиғаларға қатысы бар 4 журналистің аккаунтын бұзу әрекеті болғаны айтылған. Бұзып кіруден екі мәрте аутентификация (құпиясөзбен кірмек болғаныңды телефон арқылы растау) қорғанысы сақтапты.

Екатеринбургте қаладағы скверге шіркеу салуға азаматтық қарсылық көрсету жүріп жатыр. Көптеген публицистер мұны саяси жүйенің нағыз сынағы деп бағалады.