Әгәрәки, бүгінгі мәтіндерімізді жарқын, тіпті көз қарықтырар болашақтың зерттеушісі тауып алса, «ЖӘНЕ» (сол сияқты - мен, пен, бен) деген сөзді қай мағынада қолданғанымызды түсіне алмас еді. Алдымен, «ЖӘНЕ» сөзінің мағынасына назар аударайық. Ол мысалы, логика алгебрасында — «сонымен бірге, бірдей, қатар, біруақытта» дегенді білдіреді. Аэроғарыш министрлігіміз сонымен бірге - цифрлық даму министрлігі. Қоғамдық келісім министрлігі бар бізде, ол дәл сол уақытта - ақпарат министрлігі де. Бірақ 8 саны «4-ке ЖӘНЕ 2-ге» бөлінбейді! Иә, айқын нәрсені теріске шығарып, әпербақан көрініп қалған болармын. Бірақ 8 саны 8-ге де бөлінеді. Ал «және» деген ұғым тек екі нәрсені нұсқауы мүмкін. ТЕК екі нәрсені. Ендеше, 8 санын «4-ке ЖӘНЕ 2-ге бөлінеді» десек, одан басқа қалдықсыз бөлетін сан қалған жоқ деген тұжырым шығар еді. Немесе 8 саны «4-ке ЖӘНЕ 2-ге ЖӘНЕ 8-ге бөлінеді» деуіміз керек. Ал бұл стильге томпақ. Сондықтан, 8 саны «2-ге, 4-ке, 8-ге бөлінеді» деу керек. Мінеки, Object Pascal-да 8-ді қ