Мына видеодағы көңілді Обама - жасанды интеллекттің көмегімен жасалған деген қауесет бар (жай ғана видеомонтаж емесіне кепілдік болмай тұр):
Бұл видео туралы бар белгілі ақпарат - оны жасанды интеллектпен айналысатын азиялық программистердің жұмысы дейді (бұған да дәлел жоқ). Ол программистер бұл технология қауіпті болғандықтан, алгоритмін жарияламай отыр дейді.
Сәл ертеректе, оқыңыз: «Көзқатырғыш» кроссовка
«Обаманың» видеосына байланысты қауіптену сарынында пікірлер бар. Бұл шынымен, адам идентификациясы проблемасын күн тәртібіне қояды. Себебі мұндай технология өмірде болса, адамдардың деректі видеоконтентке сенімі толығымен жойылады. Мұндай мүмкіндікпен небір саяси қайраткерлердің атынан мәлімдеме жасап, қоғамды дүрліктіру түкке тұрмайды.
Видеоны монтаждаушы емес, жасанды интеллект жасағанының дәлелін іздеп жатырмын. Хабарын айтамын. Бірақ мүмкіндігін жоққа шығармаймын. Өткендегі, дүниеде жоқ адамдардан кейін.