Массачусеттс Технологиялық Институты IEEE компьютермен көру және тану 2019 конференциясына «Дауыс иесінің кескінін зерттеу» (Speech2Face: Learning the Face Behind a Voice) деген жұмыстарын әкеліпті. Жұмыстың мақсаты — «адамның кескінін даусы арқылы шығарып алуға бола ма?» деген сұраққа жауап іздеу. Алдымен, нейрондық желі («жасанды интеллект» дегеннің техникалық деңгейдегі атауы осылай, үйрене беріңіз) кәдімгі yotube-тегі видеолармен «оқытылған». Сөйтіп, миллиондаған адамның бейнесі мен дауысы жазып алынған. Нейрондық желі (сайып келгенде — кәдімгі компьютерлік программа ғой) видеодағы адамның кескіні мен даусының парамтерлерінің арасында заңдылықтар тауып, сол заңдылықтар арқылы — енді адамның тек дауысы арқылы кескінін салып шығу керек. Нәтиже біртүрлі. Бірақ зерттеушілер айды аспаннан шығаруға уәде бермеген. Тек, «бүйтіп едік — былай болып шықты» деп айтуға келген. Зерттеуге берілген пікірлерге келсек, нейрондық желіні оқытуға жүктелген кескіндер біртекті болып кеткен сияқты