Найти в Дзене
Dariger

Өнердің құдіреті және естен тану

Сіз мәдени орындарға барғанды және оларды тамашалағанды ұнатасыз ба? Сикстиндік капелла орта ғасырда Ватикан елінде бой көтерген шіркеу. Дәл сол шіркеудің ішкі бетін көптеген реннесанс дәуіріндегі суретшілер әрлепті. Ал төбесін әйгілі мүсінші Микеланджело фрескалармен сәндеген екен. Италияны саяхаттауға келген туристтер Ватиканға да соғып Сикст каппеласында тамашалауды жөн көреді. Өзі француз болғаныменде италиядықтардың мәдениетін қатты зерттеп қойған жазушы әрі психолог Стендаль де Ватиканда болып, Сикстиндік капелладан көз алмай көп қарапты. Таң қалса керек, әйтеуір талып қалыпты. Қасында жүргендердің бәрі діни шошынып, діни экзальтацияға берілді ме әлде фрескалардың мистикалық құдіреті ма екен деп топшылайды. Стендаль ғана емес капелланы қызықтауға келген басқа да саяхатшылар есінен танып қалады екен. Сурет өнерінің құдіреттілігін дәріптейтін мифты дәрігерлер әп сәтте өз зерттеулерінде түсіндірген. Бұл биомеханика заңдылықтарына негізделеді. Яғни, басымызды артқа қарай шалқайтқа

Сіз мәдени орындарға барғанды және оларды тамашалағанды ұнатасыз ба? Сикстиндік капелла орта ғасырда Ватикан елінде бой көтерген шіркеу. Дәл сол шіркеудің ішкі бетін көптеген реннесанс дәуіріндегі суретшілер әрлепті. Ал төбесін әйгілі мүсінші Микеланджело фрескалармен сәндеген екен. Италияны саяхаттауға келген туристтер Ватиканға да соғып Сикст каппеласында тамашалауды жөн көреді.

Өзі француз болғаныменде италиядықтардың мәдениетін қатты зерттеп қойған жазушы әрі психолог Стендаль де Ватиканда болып, Сикстиндік капелладан көз алмай көп қарапты. Таң қалса керек, әйтеуір талып қалыпты. Қасында жүргендердің бәрі діни шошынып, діни экзальтацияға берілді ме әлде фрескалардың мистикалық құдіреті ма екен деп топшылайды.

Стендаль ғана емес капелланы қызықтауға келген басқа да саяхатшылар есінен танып қалады екен. Сурет өнерінің құдіреттілігін дәріптейтін мифты дәрігерлер әп сәтте өз зерттеулерінде түсіндірген. Бұл биомеханика заңдылықтарына негізделеді. Яғни, басымызды артқа қарай шалқайтқан кезде омыртқа бағанындағы артериялар қысылып, мидағы қан айналысымын бұзады. Клиницисттерге осы патофизиологиялық жағдай қатты ұнап, басты шалқайтқан кездегі естен тануды “Сикстиндік капелла синдромы” деп атау берген.

Аталған жағдаят тек Ватиканда ғана емес, Париждегі Эйфель мұнарасын, Лондондық Биг -Бенді, яғни туристтердің көз алмай жоғары қарауы кезінде туындайды.

Иә, саяхат кезінде естен танып жатсаң “жақсы” ғой. Жол жүру кезінде де, машина тез тоқтап қалған кезде, кенет соқтығысқанда басымыз шалқайып жолаушылар естен танып қалады. Боксшылар мен төбелес кезінде иектен қатты соққы алудан соң нокаут болып жатады.

-2

Бұдан басқа да мойын қан тамырлары аномалиясы, жарақат және қабыну ауруларынан соң тамырдағы өзгерістер ми қанайналымын нашарлатады. Остеохондроз және мойын қан тамырларындағы атеросклероз осы жағдайға ұшыратады.

-3

Гипертониялық ауру, қант диабеті, шылым шегу мен алкогольді шамадан тыс қабылдау, жеткіліксіз физикалық жүктеме, рациональді емес тамақтану және семіздік атеросклероз пайда болып, адамның жалпы күйіне әсер етеді.

Алдын алу мақсатындаа мойын және иық бұлшықеттерін жаттықтырып отырумыз тиіс. Вертебролог дәрігерлер изометриялық жаттығуларды ұсынады. Жаттығудың мәні мойын мен басты қимылдатпай ақ статикалық күйде жасау болып табылады. Мұндай жаттығулар өте қарапайым және көп уақытты талап етпеуіне байланысты күнделікті өмірде пайдалануыңыз қажет. Компьютер алдында ұзақ отыру, теледидар көру, машина айдау кезінде, монотонды жұмыстарда үзіліс жасаңыз. Мойынды тез бұрмаңыз, шарф тағып, суық желде өтінде (сквознякта) отырып қалмаңыз. Ортопедиялық немесе кішкентай жастықта ұйықатаңыз.Биікте орналасқан заттарға қол жеткізу үшін орындық немесе саты қолдану қажет. Театрда және кино көру кезінде алдыңғы қатарда отырмауға тырысыңыз. Бөтелкемен емес, стаканмен отырып су ішіңіз.