Найти в Дзене
Dariger

Қандауырдың жүзі

«ӨЗ ІСІҢНІҢ БІЛГІРІ, ӘРІ ШЕБЕРІ АТАНУ ҮШІН ЖАҚСЫ ЖҰМЫС ІСТЕП, ЖЕТІК БІЛУГЕ ҰМТЫЛУ КЕРЕК. ҚАНДАЙ ӘРЕКЕТ ЖАСАП, ҚАНДАЙ ІС ІСТЕР БОЛСАҢЫЗ ДА – ИГІЛІГІН КӨРІП, РАХАТЫНА БӨЛЕНУДІ МАҚСАТ ТҰТҚАН ЖӨН». Әбу Насыр әл-ФАРАБИ. МАМАН
Еңбек етпей бақытқа кенелу мүмкін емес. Адам баласының жаны сүйетін пайдалы ісі, мамандығы болса, одан асқан ба­қытты жан жоқ шығар? Қазіргі таңда ба­тылдық, жан жылуы, өзгелерге жәрдем беру – бәрі дәрігерлерге тән қасиетке айналды. Ақ халатты абзал жандар Гиппо­кратқа берген антына адалдық танытып, еңбек етіп, өмір сүреді. Мамандығын мақ­таныш еткен сондай жанның бірі – Жә­ң­гірхан Оразбақов. Талай жанды ажалдан арашалап қалған маман бүгінде оңтүстіктегі білікті хирургтердің біріне айналған. Жаны таза, еңбегіне адал дәрігердің қолы жеңіл екенін естіген оңтүстік тұрғындары жер шалғайлығына қарамастан, Кентау қаласы­ның орталық ауруханасында қызмет ететін Жәңгірханды дертіне дауа сұрап, әдейі іздеп келетін болған. Жәңгірханның Кентау қаласының орталық ауруханасында та

«ӨЗ ІСІҢНІҢ БІЛГІРІ, ӘРІ ШЕБЕРІ АТАНУ ҮШІН ЖАҚСЫ ЖҰМЫС ІСТЕП, ЖЕТІК БІЛУГЕ ҰМТЫЛУ КЕРЕК. ҚАНДАЙ ӘРЕКЕТ ЖАСАП, ҚАНДАЙ ІС ІСТЕР БОЛСАҢЫЗ ДА – ИГІЛІГІН КӨРІП, РАХАТЫНА БӨЛЕНУДІ МАҚСАТ ТҰТҚАН ЖӨН».
Әбу Насыр әл-ФАРАБИ.

МАМАН
Еңбек етпей бақытқа кенелу мүмкін емес. Адам баласының жаны сүйетін пайдалы ісі, мамандығы болса, одан асқан ба­қытты жан жоқ шығар? Қазіргі таңда ба­тылдық, жан жылуы, өзгелерге жәрдем беру – бәрі дәрігерлерге тән қасиетке айналды. Ақ халатты абзал жандар Гиппо­кратқа берген антына адалдық танытып, еңбек етіп, өмір сүреді. Мамандығын мақ­таныш еткен сондай жанның бірі – Жә­ң­гірхан Оразбақов. Талай жанды ажалдан арашалап қалған маман бүгінде оңтүстіктегі білікті хирургтердің біріне айналған. Жаны таза, еңбегіне адал дәрігердің қолы жеңіл екенін естіген оңтүстік тұрғындары жер шалғайлығына қарамастан, Кентау қаласы­ның орталық ауруханасында қызмет ететін Жәңгірханды дертіне дауа сұрап, әдейі іздеп келетін болған. Жәңгірханның Кентау қаласының орталық ауруханасында табан аудармастан қызмет етіп келе жатқанына 20 жылдан асты. Ол жетекшілік жасайтын хирургиялық бөлім Кентау қаласының 85 мың қала тұрғындарына ұдайы қызмет көрсетіп келеді. Осы ретте заманауи меди­циналық құрал-жабдықтарымен жаб­дықталған Кентау қаласы орталық ау­руха­насының бөлімшесі Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің клиникалық базасына айналды. Барлық хирургиялық аурулардың түр­ле­ріне осында операция жасалады. Сыр­қаттарды облысқа жіберу өте сирек. Әрине, мұның бәрі бөлімшеде қызмет ететін білікті мамандардың табанды ең­бектерінің ар­қасында орын алуда. Атап айтсақ, қазір А.Мамеков, А.Бабаев, Қ.Сейiлбеков, Ж.Әшір­баева. Г.Исмаилова, А.Мұсаева, М.Ергешова, Р.Сүлейменова, Д.Саитова сынды медицина саласының майталмандары ем­ха­наның мақтанышына айналған. 2001 жылы Кентау қаласы орта­лық ауруханасы Жәңгірхан Бимаханұлының жетекшілігімен облыстағы аудан-қалалар арасында бірінші болып «Эн­­доскопиялық холецистэктомия» бойын­ша операция жасалса, 2005 жылы жа­рықтарды полипро­ленді сеткамен, плас­ти­камен бекемдеу операциясы енгізілді. Жә­кең технологиялық дамуды құп көрсе де компьютерден білікті маманды жоғары қоятын жан. Бұл дүниеде адамның ақылы мен ісіне тең келетін дүние жоқ. Сондықтан, денсаулық сақтау саласында маманның бі­лімі мен білігі басты орында тұруы заң­дылық.

Бірінші тиек
Арамызда мамандығын мақтаныш тұта­тын жандар көп болса, мемлекетіміздің шоқ­тығы биіктеп, кемелдене түсетіні сөзсіз. Адам тәнін емдейтін дәрігер атану көптеген жастардың арманы. Бірақ, олардың бәрі бірдей білікті маман бола бермейтіні белгілі. Қандай мамандықтың болсын, өзіндік қиындығы болады. Кәсіптің ыстығына күйіп, суығына тоң­ған адамды ғана «маман» деп атауға болатын шығар. Бейнелеп айтсақ, осындай от пен судан өтіп, ел сыйлайтын білікті дәрігер атанған Жәңгірханның өмір жолы шипагерлік жолды таңдаған арманшыл жастардың мақ­сат-мүддесін ұштай түсетіні сөзсіз. Сон­дықтан, әрбір жас өз ортасында абыройға бөленген жандарға барынша «ұқсап бағуы» керек деп ойлаймыз.


ЖӘҢГІРХАННЫҢ ЖЕКЕ ОЙЫ:
– Біздер ауылды жерде еңбек жолымызды бастап, операция жасағанда кеңес сұрайтын маман мүлде болмаған еді. Бар жауапкер­шілікті өз мойнымызға алып, операция жасайтынбыз. Ол кездегі медици­налық құрал-жаб­дықтар мен оқу құрал­дары да қазіргімен салыстыруға келмейді. Қазір ғой – бәрі бар. Адам денсаулығына қатысты қандай да бір жайтты білгің келсе, ғаламторға кіріп, қа­ла­ған мәліметті аласың. Ал, біздер болсақ, мұ­қабасы ақжемделген кітабымызға жүгіне­тінбіз. Осылайша медицина саласында орын алған жаңалықтарды өз бетімізше ізденіп, біліп отырушы едік. Бүгінде Гиппократ алдында ант берген жас мамандардың ізденім­паздығына көңілім толмайды. Бұдан кейін олар қарапайым аурудың диагнозын дәл қой­май, қиын жағдайға тап болып жататынын жасырып қайтеміз. Қазіргі таңда медицинада бір ауруды емдеудің түрі күн сайын жаңарып жатыр. Өз басым дәрігерлер қызметінен қол үзіп, зейнетке шыққанша оқып, ізденіп өтуі тиіс деп ойлаймын. Өйтпеген жағдайда елі­міздің медицина саласы заман көшінен қалып қоятынын жадымыздан шығармауы­мыз керек…

АҚШАҒА – ТӨСЕК САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ, БІРАҚ, ҰЙҚЫНЫ САТЫП АЛУҒА БОЛМАЙДЫ. ТАМАҚ САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ, БІРАҚ, ТӘБЕТ САТЫП АЛУҒА БОЛМАЙДЫ. ДӘРІ САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ, БІРАҚ, ДЕНСАУЛЫҚТЫ САТЫП АЛУҒА БОЛМАЙДЫ. ҮЙ САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ, КІТАПТАР САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ, БІРАҚ АҚЫЛ-ОЙДЫ САТЫП АЛУҒА БОЛМАЙДЫ. ЗЕРГЕРЛІК ЗАТТАРДЫ САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ, БІРАҚ, СҰЛУЛЫҚТЫ САТЫП АЛА АЛМАЙМЫЗ. ӘН-КҮЙДІ САТЫП АЛЫП, ОЙНАТ­ҚАН­МЕН, БАҚЫТТЫ САТЫП АЛУҒА БОЛМАЙДЫ
Поль БРЭГГ.

ҰСТАЗ
2001 жылдан бастап Кентау қала­сын­дағы орталық аурухананың хирургия бө­лімшесінің меңгерушісі қызметін ат­қарып келе жатқан Жәңгірхан ғылым жолында да із қалдыруды мақсат тұтқан азамат. Ол 2009 жылы А.Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми орталықта аттеста­циялық ко­мис­сияның рұқсатымен – жо­ғарғы санатты хирург-дәрігері біліктілігіне ие болғалы бе­рі көп ізденетін болған. Мамандығын сүйген адам ешқашан өзінің бағындырған асуына тоқмейілсімейді. Жәңгірханды да осы топқа жатқызуға болатындай. Ол 2007 жылы Санкт-Петербург қаласында «Хирургия» тақыры­бында 2007 жылы біліктілігін арттырса, өткен жылы Мәскеуде «Панкреатобилиарлы хирургия» тақырыбында білімін шыңдады. Қазіргі таңда ғылым мен іс-тә­жірибені қатар алып жүрген дәрігерлер некен-саяқ. Білікті маман 1993 жылдан бері жұмыстан тыс уақытында Қ.А.Ясауи атын­дағы Халықаралық қазақ-түрік универси­тетінің медицина факультетінде хирур­гиялық аурулар пәнінен тәлім беріп келеді. Сондықтан, Жәңгірхан қазіргі жастардың не ойлайтынын бір кісідей біледі. Сол сияқ­ты Жәкең бәрін ақшамен өлшейтін­дерге жаны қас. Бұл ойын жастар арасында үнемі айтып та жүреді.

Екінші тиек
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да, ол әрдайым қадірлі адам ретінде ерекшеленеді. Әр салада аянбай тер төгіп, мамандығы бойынша кемел білімге ие болғанда кейбір ағаларымыз өмірден түйгенін жастармен бөлісуге келгенде жал­қаулық танытатыны жасырын емес. Хас шебер өзінің төсі мен балғасын аманаттайтын шәкірт дайындауға баса мән берсе керек… Білгенін соңынан ерген жастарға үйреткен адам – ол нағыз ұстаз. Мұндай ұрпақ жал­ғастығын үзбеу қазақтың бойына сіңген қасиет десек қателеспейміз. Осындай халқы­мызды қасиетті дағдысын көкейіне түйіп өскен Жәңгірхан өмірден түйгенін жастармен бөліскенін көргенде көңіліміз марқайып қалды.
ЖӘҢГІРХАННЫҢ ЖЕКЕ ОЙЫ:
– Біздер хирургия саласына ден қоя бастағанымызда кардиохирургия мен неохирургия бүгіндегідей биік белеске кө­терілмеген-ді. Қазір бұл бағытта адамзат баласы ауыз толтырып айтатын жетістікке қол жет­кізді. Алдағы уақытта біздер де бұл салаларды барынша дамытып, білікті мамандар дайындау ісіне баса мән беруіміз керек. Биік белесті білікті мамансыз бағын­дыру мүмкін емес. Сондықтан дәрігерлерді дайындау ісін кез келген оқу орындарына сеніп тапсыруға болмайды. Ақылы бөлімде оқитын студенттердің сабаққа бірде келсе, бірде келмейтінін көріп жүрміз. Олар бәрін ақшаның күшімен шешуге тырысады. Мұндай шала сауатты студенттерден білікті дәрігер шығады дегенге өз басым сенбеймін. Сондықтан медицина қыз­мет­керлерін дайындап отырған орта буынды оқу орындарға қойылатын талапты барынша күшейткен жөн. Меніңше, медицина мамандарын ақылы бөлімдерден алып тастаудың кезі келгендей. Өз жұмысына салғырт қарай­тын мұндай жартыкеш мамандар түрлі қай­ғылы жағдайлардың орын алуына себепші болып жатқаны жасырын емес…

БАҚЫТ ТАПҚЫҢЫЗ КЕЛСЕ, ӨЗГЕ­ЛЕРДІҢ СІЗДІ МОЙЫНДАУЫ ТУРАЛЫ ОЙЛАМАҢЫЗ. ҚУАНЫШТЫ ӨЗ ІШІ­ҢІЗДЕН ТАБУҒА ТЫРЫСЫҢЫЗ.
ӨЗ-ӨЗІ­ҢІЗБЕН БАҚЫТТЫ БОЛЫҢЫЗ.
ӨМІРДЕ МАХАББАТҚА БӨЛЕНУДІҢ БІР ҒАНА ЖОЛЫ БАР – ОНЫ ЕШКІМНЕН ТАЛАП ЕТПЕЙ, МАХАББАТТЫ АЙНА­ЛА­ҒА ӨЗІҢ ТӨГУ.
Дейл КАРНЕГИ.

ҒАЛЫМ
Жәңгірхан Бимаханұлы Түрікстан аймағын қоныстанған халықтың денсау­лығын жете ұғыну үшін түрлі ауруларды қоздыратын әлеуметтік мәселелерді де зерттеп, оның алдын алудың жолдарын қа­растыруға баса мән беруде. Бұл бағытта ол «Экология, білім, ғылым және қоғам» деген тақырыпта өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ай­мақтың денсаулық сақтау мәселесіне қа­тысты мәселелерді көтеріп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген болатын. Жұртшылық та Жәңгірханның ел үшін еткен еңбегіне лайықты бағасын беруде. Айталық, Кентау қаласы әкімдігі мен аурухана әкімшілігі білікті маманның жұмысын жоғары бағалап, алғыс хаттармен марапаттап, қанаттан­ды­руды ешқашан ұмытқан емес. Ал, 2011 жылы Жәкең Оңтүстік Қа­зақстан облысының ең үздік хирургі деген атаққа ие болып, зор қуанышқа бө­ленген-ді. Шындығында, Жәңгірхан атаққа қы­зық­қан да емес. Ол үшін елдің ыстық ықыла­сынан артық ештеңе жоқ. Оның үстінде еңбегімнің зейнетін көрейін дейтіндей Жәңгірханның самай шашын қырау шалған қарт емес. Қайта оны алда әлі талай асу-бе­лестер күтіп тұр. Сон­дық­тан, оның атақ-абыройды ойлап, әкім-қаралардың есігін қаққанын көрген емеспіз. Бүгінде ол дертті емес, сырқат адамды емдеу қажет деген медицинаның негізгі принциптерін жақ­тау­шылардың бірі. Деонтология мен этика қағидаттарын сақта­май, ақиқат ем жүргізу мүмкін еместігін там-тұмдап біз де білетін­біз. Маман хирургпен пікірлескенімізде, ол «психо­логиялық кері байланыс» арқылы сырқат адамның қас-қабағынан аңдып, емдеу тактикасын дұрыс жүргізу керектігін алға тартқан болатын. Ғылыми-техникалық үрдіс барынша дамыған қазіргі заманда адамның сыртқы ортамен байланысы күн­нен-күнге тереңдей түскені белгілі. Қазір дәрігерлер аурудың алдын алу мәселелеріне баса мән беріп, тұтас аймақты мекен ететін халықты сауықтыру жоспарын түзетін әлеуметтік сала қызметкеріне ай­налған. Олар сырқат жандардан басқа дені сау жұртшылыққа да ерекше көңіл бөлуді бас­ты міндеті санайды.

Үшінші тиек
Жол көрсетіп, соңынан із қалдыру ғылым­дарға ғана тән қасиет. Ғылымның парқын түсініп, ізденіске толы қиын жолына кім көрінген шыдай бермесі шындық. Нағыз ғалым атану екінің бірінің қолынан келмейтін дү­ние. Талмай, шаршамай ізденіп, өзі айналысатын ғылым саласын жан-жақты зерттеп, ерінбей еңбектенген адам ғана нағыз «ғалым» деген атқа лайық болмақ. Осындай қасиетті жолды таңдаған Жәңгірханның бұл бағытта өрісі кеңейе түсетініне сенеміз. Өйткені, еңбекте хас тұлпардай танылған маманның терең ойлайтын болмысы ғылым саласында өзінің орнын айшықтап беретіндей бізге… «Ғылым жолы – ауыр жол» деген дана халқы­мыз­дың сөзін бойтұмардай сезінетін аза­маттың бұл жолда да сенімінің үдесінен шығатынына үмітіміз зор.
ЖӘҢГІРХАННЫҢ ЖЕКЕ ОЙЫ:
– Мыңдаған кесел мен дерт «тонын айналдырып», сан құбылып, жүз өзгеріп адамзаттың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп жат­қанда уақыт ағыны дәрігер­лерден терең бі­лімді, сезімтал, байқағыш және түйсігі мол болуды талап етуде. Сон­дықтан, қазіргінің дәрі­герлері сырқаттың түрін дер кезінде анықтап, ем-дом жаса­ғанда қателікке бой алдырмауы тиіс. Сон­дықтан, жас дәрігерлер ізденуді өзінің өмір­лік кредосына айналдыруы керек…

ТҮЙІН

Соңғы жылдары елімізде жүрек-қан тамырлары ауруы адамзаттың өмірін көптеп қиып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары 2018 жы­лы әлемде жүрек-қан тамыры ауруларынан жыл сайын көз жұматын адамдардың саны 20 миллионға жетуі мүмкін екенін айтуда. Осы дерттің 60 пайызын кенет өлімге әкеп соғатын жүректің ишемиялық ауруы, яғни оның өткір формасы – миокард инфарктысы құрап отыр. 2012-2016 жылдары ара­лығында оңтүстікте жүрек-қан тамыры аурулары 2,6 есеге көбейген-ді. Жалпы мұн­дай үрдіс еліміздің өзге де аймақ­та­рында байқалған соң, Үкімет медици­налық көмек қызметтерін ұйымдастыру, жоғары технологиялық көмек орталықтарын құ­руды қолға алған болатын. Сондай-ақ, Ден­саулық сақтау министрлігі «2007-2009 жылдары кардиологиялық және кардиохи­рур­гиялық көмекті дамыту» бағдарламасын қабылдауы да облыстың интервенционды кардиологиялық қызметінің жандануына септескенін Жәңгірханның өз аузынан естідік. Қазір дімкәс жүректі емдеп, кардиохирургия саласын дамыту отандық меди­цинаның басым бағыттарына айналған. Бүгінде жүрек ауруы жас талғамайды. Дү­ние есігін жаңа ашқан сәби мен еңкейген қартқа дейін жүрек ауруынан жапа шегуде. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыруымыздың маңызы зор.