Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифинг барысында агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева айтты. «Жастар үшін сапалы және қызықты іс-шараларды өткізу өте маңызды. Және, ең алдымен студенттердің мұндай іс-шараларды қаншалықты қабылдайтынын және олар үшін қаншалықты оң нәтиже беретінін түсіну қажет. Осыған байланысты осы айда елорданың ірі жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық қатынастардың болуына қатысты студенттер мен оқытушылар арасында жасырын сауалнама жүргізілді», деді Жылқышиева. Жазира Жылқышиева сауалнама нәтижесімен бөлісті. Студенттердің 87,6% ешқашан пара мен сыйлық бермеген болып шықты. «Сауалнама нәтижесінде 11 жоғары оқу орындарында жалпы 5 балдық көрсеткіш бойынша 4,75 балды құрады. 1 балл – жоққа шығару (қанағаттанарлықсыз), 5 балл – жоғары бағалау. Бұдан бөлек, сауалнамадан өткен студенттердің 87,6% ешқашан пара мен сыйлық бермегенін растады. 6,