Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Ұлттық банкі заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуге бастама жасайды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады. Соңғы уақытта банктердің жеке тұлғаларға қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты ай сайынғы комиссияларды өндіріп алуы банктер, халық, реттеуші және соттар тарапынан көптеген дау туғызып, талқыланып жүрген мәселелердің бірі. Өз міндеттерін іске асыру, оның ішінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы нарығында қалыптасатын ахуалға жүйелік талдау, сондай-ақ қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін талдау негізінде заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуге бастама жасайды. Мәселен, 2011 жылдан бастап алынатын комиссиялардың тізбесін белгілеу, алу, сондай-ақ шектеу рәсімдерін реттеу бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізілді. 2016 жылғы 1 шілдеде жылдық тиімді сыйақы мөлше
